Жаңалықтар
Сауалдама
Сіз орман пайдалануға (саңырауқұлақ, жидек жинауға, шөп шабуға, омарта орналастыруға, мәдени-сауықтыру мақсаттарына және т.б.) арналған рұқсаттама алу – орман билетін ресімдеу рәсімін күрделі деп санайсыз ба?
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу
Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік экологиялық
сараптама жүргізу процессінің схемасы
Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Потанин көшесі, 12 үй, 203, 217, 218 кабинеттер, телефоны 767759
Қабылдау сағаттары: 9-00 – 18-00, үзіліс 13-00 – 14-00
сайты www.e-priroda.gov.kz
Назар аударыңыз: Сараптама жүргізудің жалпы мерзімі өтінішті тіркеген күннен бастап 3 айдан аспауы керек, алдын ала сараптама жүргізудің мерзімі – 2 апта (Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 50-бабы).
Рәсімнің алдында Тапсырыс беруші № 2 және № 3 қосымшалардың мазмұнымен мұқият танысуы және соларға сәйкес қажетті құжаттардың толық пакетін дайындауы қажет.
1 саты
Кім, не: Тапсырыс беруші жер учаскесінің пайдалану мақсатын, өлшемін, орналасқан жерін, көрсетумен жер учаскесін бөлуге арналған келісім беру туралы өтінішті (картографиялық материалдардың көшірмесін қоса берумен) жергілікті атқарушы органға мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізу туралы немесе жоба құжаттамаларын келісуге тапсырады (№ 1 қосымша)
Уақыты: Қарау мерзімі – 1-2 күн
Құны: 0
Нұсқаулық: Рәсім 2007 жылғы 9 қазандағы бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, «Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелері» (Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 207-ө бұйрығымен бекітілген), Жоспарлау алдындағы, жоспарлау жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық (Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-ө бұйрығымен бекітілген).
Жоба алдындағы материалдарды мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізу үшін қажетті құжаттар (жер учаскесін таңдау акті) (№ 2 қосымшаны қараңыз);
Жоба құжаттарын мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізу үшін қажетті құжаттар (№ 3 қосымшаны қараңыз).
Сатының нәтижесі: Өтініш қабылданды, тіркелді және орындаушыға орындау үшін жіберілді.
2 саты
Кім, не: Іс-қағаздарын жүргізуші Тапсырыс берушіні екі күннің ішінде 767759 телефоны бойынша тапсырған құжаттарының толықтығына және дұрыстығына көзі жеткізуі керектігін ескертеді. Тапсырыс берушіге оның құжаттарын орындаушы туралы ақпарат беріледі (телефоны, кабинетінің нөмірі). Экологиялық сараптама бөлімі алдын ала сараптама сатысын бастайды.
Уақыты: 3-4 күн жоба алдындағы құжаттамалар үшін, 14 күн жоба құжаттамалары үшін.
Құны: 0
Нұсқаулық: Экологиялық кодекс, Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелері, Жоспарлау алдындағы, жоспарлау жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық.
Сатының нәтижесі: Құжаттар мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін қабылданды, құжаттамалардың нақтылы орындаушысы анықталды. Тапсырылған құжаттар толық болмаған жағдайда Тапсырыс берушіге құжаттар құрамының толық еместігі туралы хат жіберіледі.
3 саты
Кім, не: Экологиялық сараптама бөлімі кезек тәртібімен тапсырылған құжаттарға сараптама жүргізеді.
Уақыты: Құжаттарды қарау мерзімі үш айдан аспауы керек (Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 50-бабы 1-тармағына сәйкес) (3 күннен бастап 3 айға дейін).
Құны: 0
Нұсқаулық: ҚР Экологиялық кодексінің 50-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Қазақстан Республикасының Су кодексі, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелері, Жоспарлау алдындағы, жоспарлау жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық.
Сатының нәтижесі: Жер учаскесін таңдау актісіне немесе жобаға келісім беріледі (қорытынды беріледі) (не болмаса келісім берілмейді), Тапсырыс берушіге мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы беріледі, не болмаса келісім беруден бас тартылу себебі көрсетілген жауап беріледі.
Процесс аяқталады.
№ 3 қосымша (Жоба құжаттамаларына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін қажетті құжаттар)
|
|
|
| полностью | далее.. |




