Жаңалықтар
Сауалдама
Сіз орман пайдалануға (саңырауқұлақ, жидек жинауға, шөп шабуға, омарта орналастыруға, мәдени-сауықтыру мақсаттарына және т.б.) арналған рұқсаттама алу – орман билетін ресімдеу рәсімін күрделі деп санайсыз ба?
Статистика
Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010 жылдың ІI тоқсанындағы жұмысы туралы есеп
Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау
Ағымдағы жылдың көктемінде орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері жалпы алаңы 551 гектар алаңға орман дақылдарын екті, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 40 гектарға артық. Қолданыстағы 12 орман тұқымбағына жалпы алаңы 2,9 гектарға тұқым себілді, 178 гектар алаңдағы орман дақылдары толықтырылды.
«Жасыл Ел» бағдарламасының шеңберінде қалалар мен аудандардың бюджеттерінен 72841,30 мың теңге бөлінді, 72461,30 мың теңгесі игеріліп елді мекендер көгалдандырылды. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері 175468 дана ағаш, 51785 қума метр бұта отырғызды, 90539 шаршы метр гүлзар жасады.
Көгалдандыру мақсатында облыстың орман шаруашылығы мекемелері 18988 сүрек және бұта түрлерін берді.
Ағымдағы жылы орман шаруашылығы Риддер және Зырян мемлекеттік мекемелері орындалған жұмыстың көлеміне еңбекақы төлеумен жауынгерлерінің саны 26 адамнан тұратын «Жасыл ел» студенттер отрядын құрды. Отряд жауынгерлерінің орташа еңбекақылары 14,5 мың теңгені құрады.
Студенттер Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігінің ережелері мен санитарлық ережелерді сақтау бойынша тұрғындардың арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге белсене қатысты, орман тұқымбақтарында күтім жұмыстарын жүргізді, орман дақылдары жұмыстарын орындауға да тартылды.
Көктемгі – жазғы маусымның 2 айы бойы жастардың қатысуымен «Жасыл бақ – таза қала», «Менің айтулы ағашым», «Саябақтар маршы» экологиялық акциялары, орман және бақша айлықтары, кәсіпорындар мен ұйымдар ұжымдарының, мектеп оқушылары мен ардагерлердің қатысуымен «Болашақ үшін өткенді сақтаймыз», «Тазалық күні» сенбіліктері өткізілді.
Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында орман шаруашылығы Малая Уба, Өскемен, Үлкен-Нарын және Зырян мемлекеттік мекемелерінде орман орналастыру жұмыстары басталды.
Облыстың экономикасындағы орман секторы рөлінің артуын ескере келе мемлекеттік орман қорының учаскелерін ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Лот-өтінімдердің кезекті партиясы (мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін, омарта орналастыру, шөп шабу және т.б.) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне келісуге жіберілді.
Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2010 жылдың II тоқсанында өсімдіктер мен жануарлар және балық шаруашылығын қорғау саласында табиғат қорғау заңнамасын бұзу туралы мәлеметтер бойынша 3483 реид және 753 тексеру жұмыстарын өткізді.
Анықталған бұзушылық 379 (олардың ішінде орман шаруашылығын пайдалану тәртібін бұзу-170, аң аулау тәртібін бұзу – 77, балық аулау және балық шаруашылық тәртібін бұзу-78, ормандағы өрт қауіпсіздігінің талаптары мен санитарлық тәртібін бұзу-42,ерекше қоргалатын табиғи аумақтар режимін бұзұ-11) Әкімшілік жауапкершілікке тартылған 219– жеке тұлғалар және лауазымды тұлғалардың 13. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған – 1 адам.
Заң бұзушыларға салынған әкімшілік айыппұлдардың соммасы 1748,9 мың теңге (өндірілген айыппұлдар соммасы 1349,6 мың теңге). Қойылған талаптар соммасы 1259,9мың теңге (өндірілген талаптар 724,9 мың теңге).
Заң бұзушылардан алынған браконьерлік құралдар саны – 198 Соның ішінде: 38 оқпанды қару, 95 – аулау құралдары (ау, желі),қалқитын құралдар- 9, басқа браконьерлік құралдар- 56.
2010 жылдың II тоқсанында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және оған қарайтын мемлекеттік мекемелерде бұқаралық ақпарат құралдарына: газет, журналдарға – 56 рет жаряланған, радио мен теледидардан 21 рет хабар өткізілді.
Табиғат қорғау шаралары
Бірінші тоқсандағы табиғат қорғау бағдарламалары бөлімінің жұмыстарының қорытындылары бойынша, облыстық мәслихат сессиясының шешімі негізінде, «Табиғат қорғау бойынша іс шара» ағымдағы бюджеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілген: іс шара бағдарламасының жоспарына «Урбанизацияланған аймақтар экологиясы» Экологиялық форумын өткізу және құрамында сынабы бар қалдықтарды демеркуризациялау учаскесін орындау бойынша іс шаралар кешені қосылған.
Ағымдағы жылдың мамыр айында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақтан Мемлекеттік техникалық университетінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қатысуымен, Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.С. Әшімовтың, Қазақстан Республикасы Парламент сенатының депутаты С.В. Плотниковтың, Т.Ж. Абайдильдиннің, «Табиғат» экологиялық қозғалысының төрағасы М.Х. Елеусизовтың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, саясаттық партиялар, дін бірлестіктерінің қатысуымен «Урбанизацияланған аймақтар экологиясы» II Экологиялық форумы өткізілген.
2010 жылғы 4 маусымда мемлекеттік органдардың, БАҚ, ірі кәсіпорындарының – табиғат пайдаланушыларының қатысуымен 5 маусым – Бүкіл әлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған мерекелік іс шаралар өткізілген.
Бөліммен «Қоршаған ортаның жағдайы» 2011-2015 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысы аймақтарын дамыту бағдарламасының бөлімі түзетілген және әзірленген және Астана қаласында Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде қосымша келісімдерден өткен. Екінші тоқсан ағымында Өскемен қаласында және Семей қаласында қоқыстарды қайта өңдеу зауытын қаржыландыру бойынша сұрақтары пысықталған.
Бөліммен ШҚО Жалпы кеңесімен тығыз жұмыс жасалуда, потенциалды шетелдік және отандық инвесторлармен табиғат қорғау нысандарын жүзеге асыру бойынша, Табиғат қорғау прокуратурасымен және өзгеде мемлекеттік органдардың сұранымдары бойынша, БАҚ жұмыс жүргізілуде.
Бөліммен қаржылық бақылау органдарының тексерушілеріне құжаттарды ұсыну бойынша жұмысы жүргізілген.
Экологиялық сараптама
2010 жылдың екінші кварталына арналған экологиялық сараптама бөліміне қаралуға 585 құжат түсті, оның ішінде 599 құжат қаралды (2009 жылдан қалғандарды есептегенде), сонымен қатар алдын-ала жобалық материалдар – 187, жол берілетін шекті шығындылар нормативтерінің жобалары – 188, объектілердің құрылысы мен қайта жаңарту жобалары – 216, жол берілетін шекті төгінділер нормативтерінің жобалары – 2, нормативтік қалдықтардың ораналастыру жобалары – 2, физикалық әсер ету жобалары – 4. 2010 жылдың 25 маусымдағы жағдай бойынша қалған 243 құжат қаралуда.
Қаралған 599 қорытындының 27 келісілмеді. Келісілмеудің негізгі себептері келесідей: экологиялық заңнама талаптарының бұзылуы, жобалық құжаттама сапасының төмендігі, есептеулердегі қателер.
Су ресурстары
Сәуірдің 4-6 аралығында Жеменей қаласында (ҚХР) екі жақтық Үлкен Ұласты шекараралық өзенін пайдалану мәселелері бойынша құрылған Бірікккен комиссияның консультациясы өтті. Комиссия жұмысына Басқарма бастығы В.Чернецкий қатысты.
Бөлім облыс әкімінің орынбасары Г.В.Пинчуктің маңында Үлкен Ұласты өзенінің мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен отырысты дайындап өткізді.
Мамырдың 18-20 аралығында II Экологиялық Форум өтті. Бөлім мамандары «Су ресурстарын қорғау» атты секцияның жұмысын, сонымен қатар Өскемен ГЭС-не экскурсия ұйымдастырып өткізді.
30 маусым мен 3 шілде аралығында Пекин қаласында өткен шекарааралық өзендер бойынша Бірлескен қазақстан-қытай комиссиясы сарапшыларының жұмыс тобының 7 отырысы өтіп, басқарма бастығы В.Чернецкий қатысты.
Экологиялық реттеу
2010 жылдың 2 тоқсанында экологиялық реттеу бөліміне 173 қоршаған ортаға эмиссияларға өтінім келіп түсті, оның ішінде 132-і қаралған, қарауға қалғаны-41.
Кіші және орта бизнесті дамытуды қолдау мақсатында, азаматтардың кепілді сапалы мемлекеттік қызметті тең алуына қол жеткізуін және әкімшілдік кедергілерді жоюды қамтамасыз етуде 2010 жылдың II тоқсанында экологиялық реттеу бөлімімен қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін өтінім материалдарын қарастыру мерзімі ҚР заңнамасымен бекітілген тиісті 4 айдың орнына 28 күнге дейін қысқартылды.
Шығыс Қазақстан облысының атмосфералық ауасының сапасын жақсартуда экологиялық реттеу бөлімімен қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруде 2010 жылдың II тоқсанында атмосфералық ауаға шығарылатын ластаушы заттар шығарындыларының көлемі 1336,467 тоннаға, төгінді көлемі 205,967 тоннаға азайтылды.
2010 жылдың 20 наурызында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Б: Сапарбаев бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыруда ілеспе ақпараттық Медиа-жоспарды орындау барысында «Рудный Алтай» газетінде (2010 жылдың 03 мамырында) және «Дидар» газетінде (2010 жылдың 20 мамырында) ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы экологиялық реттеу бөлімінің бастығы Құмарғалиев М.Қ.-ның «Честную работу видно по результату» және «Адал атқарылған жұмыс нәтижесінен көрінеді» тақырыбына мақаласы жарияланды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі Б: Сапарбаев бекіткен 2010 жылға арналған салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша болжамдық көрсеткіштерді қамтамасыз ету іс-шаралары жобасын орындау барысында ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін нысандарға түгендеу жүргізуде. 2010 жылдың II тоқсаны бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатсыз жұмыс істеп тұрған 278 нысан белгілі болды.
2010 жылдың 23 маусым күні экологиялық реттеу бөлімінің бастығы Құмарғалиев М.Қ. қатысуымен жергілікті деңгейде рұқсат беру жүйесін оңтайландыру, кәсіпкерлік сұрақтар бойынша әкімшілдік тосқауылдарды азайту жөнінде жұмыс тобының отырысы болып өтті, отырыста рұқсат беру процедурасын жеңілдету бойынша ҚР заңнамасына өзгертулер енгізу үшін ұсыныстар қарастырылды және берілді.
|
|
|
| полностью | далее.. |




