Жаңалықтар

Сауалдама

Сіз орман пайдалануға (саңырауқұлақ, жидек жинауға, шөп шабуға, омарта орналастыруға, мәдени-сауықтыру мақсаттарына және т.б.) арналған рұқсаттама алу – орман билетін ресімдеу рәсімін күрделі деп санайсыз ба?

Мұрағаты

2009 жылдың IV тоқсанындағы жұмысы туралы есеп

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2009 жылдың

ІV тоқсанындағы жұмысы туралы есеп

Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау

Өткен 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда Басқармаға ведомстволық қарасты орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі жедел отряд ормандарды, жануарлар әлемі мен балық шаруашылығын қорғау саласындағы табиғат қорғау заңнамасын сақтау бойынша 6367 рейд өткізді (2008 жылы 5606) және 1654 (2229) тексеру жүргізді.

Барлығы 1203 (1451) бұзушылық анықталды (оның ішінде: орман заңнамасын бұзу – 714 (996), аң аулау ережесін бұзу – 278 (202), балық аулау ережесін бұзу – 170 (161), ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзу 41 оқиға (84).

Әкімшілік жауапкершілікке 1089 (1345) адам, оның ішінде 991 (1249) жеке тұлға, 98 (96) лауазымды тұлға, ал қылмыстық жауапкершілікке 10 (8) адам тартылды.

Бұзушыларға сомасы 7104,5 (7775,4) мың теңге әкімшілік айыппұл салынды (6610,0 (6315,9) мың теңгесі өндірілді). Сомасы 6574,4 (12113,7) мың теңгенің талабы қойылды (5874,4 (3993,0) мың теңгесі өндірілді). 328 (332) браконьерлік құрал тәркіленді, оның ішінде 97 (64) бірлік отты қару, 146 (153) ау, 85 (109) өзге де браконьерлік аулау құралдары.

2009 жылы Басқарма мен оған ведомстволық қарасты орман шаруашылығы мекемелері бұқаралық ақпарат құралдарының мерзімді басылымдарында 85 (75) материал жариялады, телевизия мен радио бойынша 17 (22) хабар ұйымдастырылды.

Табиғат қорғау заңнамасын бұзушыларға қарсы күрес және биологиялық әртүрлілікті сақтау мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес орман шаруашылығы Черемшанка, Пихта, Риддер, Зырян мемлекеттік мекемелерінде тексеру жүргізілді, сондай-ақ орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің мамандары «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватын тексеру үшін бірнеше рет тартылды.

Су ресурстары

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау бөлімі жыл бойы Шығыс Қазақстан облыстық гидрометеорология орталығының (ШҚ ГМО) Шығыс Қазақстан облысының су объектілерінің гидрологиялық және гидрохимиялық режимі туралы деректеріне талдау жасап отырады.

ШҚ ГМО деректері бойынша 2009 жылы Шығыс Қазақстанның су объектілерінің сапа класы мыналарды құрады:

Қара Ертіс, Бұқтырма өзендері – 2 класты – таза;

Ертіс, Оба өзендері 3 класты – орташа ластанған;

Глубочанка, Брекса, Үлбі өзендері – 4 класты – ластанған;

Тихая өзені – 5 класты – ластанған;

Красноярка өзені – 7 класты – тым лас.

Брекса, Тихая, Глубочанка, Красноярка өзендері Ертіс өзенінің көбірек ластанған оң жағалау салалары болып сипатталады. Осы өзендердің жер үсті суларының қалыптасуына қолданыстағы өнеркәсіп кәсіпорындары мен бұрынғы жылдардағы қызметтің салдары әсер етуде (үйінділер, жұмыс істеп болған құрауыштардың террикондары, қалдырылған шахта өнімдері және т.б.). Бұлар тарихи ластанулар.

Шекараарлық Ертіс өзенінің бассейніндегі судың азаюы жағдайындағы өңірдің экономикасын бұдан әрі тұрақты дамуы үшін сумен қамтамасыз ету проблемасын шешу мақсатында бөлім «Облыстың аумағындағы Ертіс өзенінің бассейнін сумен қамтамасыз етуді арттыру мәселесін зерделеу бойынша жұмыс тобын құру туралы» облыс әкімі өкімінің жобасын дайындады. Жұмыс тобының құрамына балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының, энергетика, су шаруашылығы жөніндегі кәсіпорындардың, Ертіс бассейндік инспекциясының, ауыл шаруашылығының, «Қазгидрометтің» өкілдері енді. Жұмыс тобы мәжілісінің қорытындысы бойынша өңірдегі сумен қамтамасыз ету проблемасын шешу бойынша ұсыныстар әзірленді және Президент әкімшілігіне жіберілді.

Сондай-ақ бөлім облыс әкімінің орынбасары Г.В.Пинчуктің төрағалық етуімен өңірдің су-энергетикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша мәжіліс өткізді. Мәжілістің қорытындысы бойынша «Су қоймасының Жоғарғы-Ертіс каскадын пайдалануға қосу ережесіне» түзету енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді және Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитетке жіберілді.

Шығыс Қазақстан облысының су объектілерін қорғау және сақтау мақсаттарында ағымдағы жылы бөлім әкімдіктің «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» (Ертіс өзені – Семей қаласы, Алакөл көлі (шығыс жағалауы), Үржар ауылы және т.б.) 10 қаулысын әзірледі.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ертіс өзені мен Балқаш-Алакөлдің бассейніндегі су ресурстарын пайдалану үшін 2010 жылға арналған төлемақы ставкалары әзірленді және облыстық мәслихаттың шешімімен қабылданды.

Экологиялық реттеу

Қазақстан Республикасының экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық реттеу бөлімі ІІ, ІІІ ІV санаттардағы объектілерге қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялар үшін рұқсат берумен айналысады.

2009 жылдың басынан бастап қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға рұқсат алуға 1200 өтінім түсті, бүгінгі күні олардың 95 % қаралды және рұқсат берілді.

Шығыс Қазақстан облысында атмосфера ауасының сапасын жақсарту үшін бөлім 2009 жылы қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялар үшін рұқсат беру кезінде атмосфера ауасына шығарылатын ластаушы заттардың шығарындыларының көлемін 3426,9 тоннаға төмендетті.

Облыстың ІІ, ІІІ ІV санаттағы кәсіпорындары бүгінгі күні 2009-2013 жылдардағы табиғат қорғау іс-шараларына жалпы сомасы 37,246 миллион теңге бөлуді жоспарлап отыр.

жыл

2009

2010

2011

2012

2013

мың теңге

13582,36

7986,01

6328,42

6101,72

3247,8

Олардың ішінде 2009-2013 жылдары жасыл екпе ағаштардың алаңдарын ұлғайтуға – 2,137 миллион теңге.

жыл

2009

2010

2011

2012

2013

мың теңге

668

424

410

381

254

Шағын және орта бизнесті қолдау, азаматтардың сапалы мемлекеттік қызмет алуға бірдей кепілді қолжеткізулерін қамтамасыз ету және әкімшілік кедергілерді жою мақсатында бөлім қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат сұраған өтініштерді қарау мерзімін 40 күнге дейін азайтты, бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім - 120 күннен 3 есе аз.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес (2009 жылғы 11 ақпан № 25-646) облыстың 18 ауданы мен қаласында бөлімнің мамандары мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындардың, шаруа қожалықтарының басшыларымен, «арнайы табиғат пайдалануды» жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлермен қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

2009 жылдың І және ІІ тоқсандарында бөлім Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің мамандарының қатысуымен аудандық деңгейдегі мамандар үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру және облыстың қалалары мен аудандарында қоршаған ортаға эмиссия үшін ағымдағы төлем сомасының есебін растау мәселелері бойынша оқыту семинарларын өткізді.

Ағымдағы төлемдердің сомасын растау кезінде бөлімнің мамандары Өскемен және Семей қалаларының таксопарктеріне барумен растауды ұйымдастырды.

Аягөз, Үржар аудандарының және Курчатов қаласының мамандары қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу мәселелері бойынша ақпараттық қалқандар орнатты.

Облыс әкімінің 2009 жылғы 28 қаңтарда бекіткен салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша 2009 жылға арналған болжам көрсеткіштерін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2.11.4-тармағын орындау мақсатында біз қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты жоқтарды анықтау мақсатында қоршаған ортаға келеңсіз әсер ететін барлық объектілерге түгендеу жүргізу бойынша «Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің Өскемен қалалық салық басқармасы» мемлекеттік мекемесімен бірлескен іс-шаралар кестесін жасадық.

Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты жоқтарды анықтау бойынша жүргізілген түгендеудің барысында бюджет болжанғаннан шамамен 5 миллион теңгеге артық толықтырылды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың 2009 жылғы 18 қыркүйекте бекіткен 2009 жылдың ІV тоқсанындағы көшпелі семинарлар өткізу кестесіне сәйкес бөлім 2009 жылғы 7 қазанда Семей қаласының Шүлбі кентінде, 2009 жылғы 21 қазанда Үржар ауданының Үржар ауылында Шығыс Қазақстан облысының жалпы экологиялық мәселелерін, дәлірек айтсақ Үржар ауданының тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын заңдастыруды шешу бойынша көшпелі мәжіліс өткізді.

Бүгінгі күні тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын заңдастырудың схемасы әзірленді. Тәжірибеде әзірленген схема бойынша Шығыс Қазақстан облысының аудандық әкімдіктері тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын заңдастыру бойынша жұмыстарды бастады.

2009 жылғы қазан айында облыс әкімінің тапсырмасы бойынша экология мәселелері жөнінде қалалық және аудандық әкімдіктердің арасында тәжірибе алмасу бойынша Күршім, Катон-Қарағай, Зырян аудандарында көшпелі семинарлар ұйымдастырылды.

Экологиялық сараптама

2009 жылдың төртінші кварталына арналған экологиялық сараптама бөліміне қаралуға 824 құжат түсті, оның ішінде 775 құжат қаралды (2008 жылдан қалғандарды есептегенде), сонымен қатар алдын-ала жобалық материалдар – 313, жол берілетін шекті шығындылар нормативтерінің жобалары – 190, объектілердің құрылысы мен қайта жаңарту жобалары - 265, жол берілетін шекті төгінділер нормативтерінің жобалары – 7. 2009 жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қалған 249 құжат қаралуда.

Қаралған 775 қорытындының 21 келісілмеді. Келісілмеудің негізгі себептері келесідей: экологиялық заңнама талаптарының бұзылуы, жобалық құжаттама сапасының төмендігі, есептеулердегі қателер.

Табиғат қорғау шаралары

2009 жылдың 4-ші тоқсанында табиғат қорғау бағдарламалары бөлімімен Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен және Шығыс Қазақстан облысының экономика басқармасымен 2010-2014 жылдарға арналған өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға және тұрғындар өмірі үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру бойынша бөлімнің қызметі жөнінде Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының стратегиялық жоспарының бөлімдері пысықталып әзірленді. «2008-2010 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортасын қорғау» және «2007-2009 жылдарға арналған тұрмыстық-қатты қалдықтарды басқару» атты өңірлік бағдарламаларына талдау және бағалау жүргізілді.

2009 жылдың 4-ші тоқсанында ағымдағы бюджеттік бағдарлама шегінде Шығыс Қазақстан Гидрометеорологиялық орталықтың атмосфералық ауа сапасын бақылау жөнінде есептеріне сәйкес, атмосфералық ауаны қорғау бойынша табиғат қорғау шараларын орындау нәтижесінде Өскемен қаласында 2-ші дәрежелі ҚМЖ-дың 12 күні қазан айында анықталды. Ауаның ластану индексі 9,8. «САТиМ» ғылыми-өндірістік орталығымен облысқа түсетін көлік жанар-майы мен дизельді отын сапасын бақылау бойынша жұмыстар жүргізілді. Барлық алынған көлік жанар-майы үлгілері ішінде 33,3 % және барлық алынған дизельді отын үлгілері ішінде 13,6 % нормативті құжаттар талаптарына сай келмейді.

Жер ресурстарын қорғау және тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру қазан айында Өскемен қаласының тазарту имараттарының лай қалдықтарын залалсыздандыру жұмыстары аяқталған.

Экологиялық білімді насихаттау бойынша берілген кезеңде білім беру мекемелері және үкіметтік емес ұйымдар, экология сферасындағы, «Шығыс Қазақстан облысының табиғи аймақтары» экологиялық тақырыбына арналған видеофильмдер шығарылған және таратылған. Ай сайын экологиялық телебағдарламалар мен бейнероликтерді облыстың телеканалдарында жарыққа шығару және «Дидар» және «Рудный Алтай» облыстық газеттерінде экологиялық мәліметтер баспаға шығару жұмыстары жүргізілуде.

Осы шаралар облыстың экологиялық жағдайын жақсартуға, тұрғындар өмірі үшін қолайлы жағдай жасауға, сонымен қатар экология саласында экологиялық білім беруді жақсартуға бағытталған.

Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 8:00 – 12:00,
14:00 – 17:00

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

полностьюдалее..