Жаңалықтар

Сауалдама

Сіз орман пайдалануға (саңырауқұлақ, жидек жинауға, шөп шабуға, омарта орналастыруға, мәдени-сауықтыру мақсаттарына және т.б.) арналған рұқсаттама алу – орман билетін ресімдеу рәсімін күрделі деп санайсыз ба?

Мұрағаты

2009 жылдың III тоқсанындағы жұмысы туралы есеп

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2009 жылдың

ІІІ тоқсанындағы жұмысы туралы есеп

Табиғат қорғау бағдарламалары бөлімі

2009 жылдың 3-ші тоқсанында табиғат қорғау бағдарламалары бөлімімен 2010-2014 жылдарға арналған өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға және тұрғындар өмірі үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру бойынша бөлімнің қызметі жөнінде Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының стратегиялық жоспарының бөлімдері әзірленді. «2008-2010 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортасын қорғау» және «2007-2009 жылдарға арналған тұрмыстық-қатты қалдықтарды басқару» атты өңірлік бағдарламаларына талдау және бағалау жүргізілді.

2009 жылдың 3-ші тоқсанында ағымдағы бюджеттік бағдарлама шегінде Шығыс Қазақстан Гидрометеорологиялық орталықтың атмосфералық ауа сапасын бақылау жөнінде есептеріне сәйкес, атмосфералық ауаны қорғау бойынша табиғат қорғау шараларын орындау нәтижесінде Өскемен қаласында 2-ші дәрежелі ҚМЖ-дың 36 күні анықталды, соның ішінде шілдеде – 9 күн, тамызда – 10 күн, қыркүйекте – 17 күн. Ауаның ластану индексі 9,8 ден 11,3-ке дейін ауытқыды. «САТиМ» ғылыми-өндірістік орталығымен облысқа түсетін көлік жанар-майы мен дизельді отын сапасын бақылау бойынша жұмыстар жүргізілді. Барлық алынған көлік жанар-майы үлгілері ішінде 38,7 % және барлық алынған дизельді отын үлгілері ішінде 46,6 % нормативті құжаттар талаптарына сай келмейді.

Жер ресурстарын қорғау және тұрмыстық қалдықтарды утилизациялау бойынша шілде айында бюджеттік ұйымдар мен облыс тұрғындарынан құрамында сынабы бар шамдарды жинау жұмыстары аяқталды. Қыркүйек айында тұрмыстық-қатты қалдықтарды жинауға арналған европалық стандарттағы 86 дана контейнерлерді жасау жұмыстары аяқталды.

Экологиялық білімді насихаттау бойынша берілген кезеңде экологиялық білім және жазғы демалыс уақытында балаларды сауықтыру лагерлерінде білім беру бойынша 2 шара өткізілді. «Экосфера» экологиялық ақпараттық-аналитикалық журнал дайындалды және таратылды. Ай сайын экологиялық телебағдарламалар мен бейнероликтерді облыстың телеканалдарында жарыққа шығару және «Дидар» және «Рудный Алтай» облыстық газеттерінде экологиялық мәліметтер баспаға шығару жұмыстары жүргізілуде.

Осы шаралар облыстың экологиялық жағдайын жақсартуға, тұрғындар өмірі үшін қолайлы жағдай жасауға, сонымен қатар экология саласында экологиялық білім беруді жақсартуға бағытталған.

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау бөлімі

2009 жылы Ертіс өзенінің алабында су аз болды.

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау бөлімі Шығыс Қазақстан облыстық гидрометеорология орталығының Шығыс Қазақстан облысындағы су объектілерінің гидрологиялық және гидрохимиялық режимі туралы деректеріне тұрақты түрде талдау жасап түрады.

Шығыс Қазақстан облыстық гидрометеорология орталығының деректері бойынша ІІ тоқсандағы Шығыс Қазақстан облысының су объектілерінің ластану индексі мыналарды құрады:

Қара Еріс, Ертіс, Бұқтырма өзендері – 2 класты – таза;

Глубочанка, Оба өзені – 3 класты – ластанған

Бреска, Үлбі өзендері – 4 класты – ластанған;

Тихая өзені – 5 класты - лас;

Красноярка өзені – 6 класты - өте лас.

Су объектілеріндегі судың сапасын 2008 жылдың III тоқсанымен салыстырғанда төмендеген. Бұл биылғы жылғы жауын-шашын мол болды. Тау-кен өндіру саласы өңірлердің өзен жағалауларында қалыптасқан тау жыныстарындағы металлды қарқынды шаюда және шаймалауда. Бұл тарихи ластану деп аталады.

Ертіс өзенінің шекарааралық бассейнің суы туралы, келешекте өңір экономикасының тұрақты дамуы үшін сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешу мақсатында облыс әкімінің өкімімен бөлім «Облыс аумағындағы Ертіс өзенінің бассейнін сумен қамтамасыз етуді арттыру мәселесін зерттеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы» жобаны әзірленді. Жұмыс тобының құрамына балық шаруашылығы бассейндік инспекцияның, энергетика, су шаруашылығы жөніндегі кәсіпорындарының, Ертіс бассейндік инспекциясының, Қазгидрометтің өкілдері кірді. Жұмыс тобы екі мәжіліс өткізді, аймақтағы сумен қамтамасыз ету проблемасын шешу жөнінде Президент Әкімшілігіне ұсыныстар әзірледі.

Бөлім ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде облыс әкімінің орынбасары Г.В.Пинчуктің төрағалық етуімен аймақтағы су - энергетика қауіпсіздігі мәселелері жөнінде мәжіліс өткізді. Мәжілістің қорытындысы бойынша «Жоғарғы Ертіс каскады су қоймасының жұмыс ережелеріне» түзету енгізу жөнінде Қазақстан Республикасы Су ресурстары жөніндегі комитетке ұсыныстар әзірледі және жіберді.

Ағымдағы жылы бөлім Шығыс Қазақстан облысында су объектілерін қорғау және сақтау мақсатында «Су қорғау аймақтары мен белдеулері және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» (Ертіс өзені – Семей қаласы, Алакөл көлі (шығыс жағалауы), Үржар ауылы және тағы басқалары) әкімдіктің 10 қаулысын әзірледі.

Сонымен қатар бөлім ағымдағы жылғы 5 қыркүйекте Павлодар қаласында Ертіс бассейндік кеңесінің мәжілісін өткізуге қатысты.

2010 жылы су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы тағайындау үшін ақпарат жинау және талдау бойынша жұмыс өткізілді.

Облыста, институттарда экологиялық ахуал туралы дәрістер оқылды.

Су ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану мәселелері жөнінде ақпараттық материалдар дайындалды және бұқаралық ақпарат құралдарына жіберілді. Бөлім қызметкерлері «Экопортал» телехабарына қатысты.

Бөлімнің қызметі туралы ақпарат және жаңалықтар Басқарманың сайтында тұрақты түрде жарияланып тұрады.

Жануарлар әлемін қорғау және балық шаруашылығы бөлімі

2009 жылдың 3 тоқсанында бөлім мынадай іс-шараларды орындауға қатысты:

- мемлекеттік орман қорында аңшылық орналастыру жұмыстарын жүргізу шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының аумағына «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мамандары келді. Республикалық мамандар бөлімнің қызметкерлеріне қажетті ақпарат берді, орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріне барды;

- Шығыс Қазақстан облысында ара және марал шаруашылықтары салаларын дамыту бойынша іс-шаралар жүргізу шеңберінде, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес бөлім бал арасының ортаорыс түрінің базасында Күршім ауданында ара шаруашылығын дамытудың болашағының мәселесіне баға берді. Осы мақсаттарға мемлекеттік орман қоры учаскелерін бөлу бойынша ұсыныстар қаралды;

- бөлімнің қызметкерлері азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар тарапынан өткізілетін іс-шаралар мен облыстық және республикалық деңгейдегі командалық – штабтың жұмылдыру оқу-жаттығуына қатысты.

ЕҚТА және орман шаруашылығы бөлімі

Мемлекеттік орман саясаты Концепциясы жобасын талқылауға кеңес жүргізілді, кеңеске «орманды молықтыру және орманды сақтау» жобасының өкілі А. Сабитов, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты облыстың орман шаруашылық мемлекеттік мекемелерінің директорлары және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш дайындауға ұзақ мерзімді орман пайдалануға келісім жасасқан орман пайдаланушылар өкілдері қатысты. Кеңестің қорытындысы бойынша мемлекеттік орман саясаты концепциясының жобасын қолдау шешімі қабылданды.

Облыс әкімі Б. Сапарбаевтің төрағалығымен, ауыл шаруашылығы вице-министрі А.К. Евниевтің қатысуымен «марал шаруашылығы, ара шаруашылығының дамуы және ШҚО қылқан жапырақты ағаштарды басты пайдалануда шабуға мораторийдің алынып тасталу мәселесін қарастыру бойынша материалдар дайындау сұрақтары бойынша» кеңеске қатысу.

Орман ресурстарын тиімді пайдалану үшін қосымша ағаш ресурстарын (қабық, жапырақтар, бұтақтар, бүршіктер және т.б.) дайындауға, ағаш шайыры және шырынын дайындауға, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік шөптерді жинауға және техникалық шикізатты дайындауға тегін жинау және бағалау нормаларын қамтамасыз ету мақсатында орман пайдаланғаны үшін төлем құнын жасау. Шөп шабуға, мал жаюға және омата орналастыруға төлем құндары.

Экологиялық сараптама бөлімі

2009 жылдың үшінші кварталына арналған экологиялық сараптама бөліміне қаралуға 811 құжат түсті, оның ішінде 713 құжат қаралды (2008 жылдан қалғандарды есептегенде), сонымен қатар алдын-ала жобалық материалдар – 368, жол берілетін шекті шығындылар нормативтерінің жобалары – 96, объектілердің құрылысы мен қайта жаңарту жобалары - 244, жол берілетін шекті төгінділер нормативтерінің жобалары – 5. 2009 жылдың 25 қыркүйегіндегі жағдай бойынша қалған 200 құжат қаралуда.

Қаралған 713 қорытындының 13 келісілмеді. Келісілмеудің негізгі себептері келесідей: экологиялық заңнама талаптарының бұзылуы, жобалық құжаттама сапасының төмендігі, есептеулердегі қателер.

Экологиялық реттеу бөлімі

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Күршім, Катонқарағай, Зырян аудандарына қала және аудан әкімдіктерінің арасында экология сұрақтары жөнінде тәжірибе алмасу барысында басқарма бастығының орынбасары М.Ә.Әкірәмов және экологиялық реттеу бөлімінің бастығы М.Қ. Құмарғалиевтың қатысуымен көшпелі семинарлар ұйымдастырылды.

«ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ және «Өскемен қаласы бойынша салық басқармасы» ММ 2009 жылға біріккен шаралар кестесі бойынша қоршаған ортаға жағымсыз әрекет көрсететін фактілерді анықтау жөнінде арнайы табиғат пайдалануға рұқсаттары жоқ барлық объектілерді түгендеу жұмыстарын жүргізіуде.

2009ж. 6 қазанда ШҚО әкімі Б.М.Сапарбаевпен 04.08.2009ж. бекітілген жүргізу кестесіне сәйкес «Рудный Алтай» және «Дидар» газеттерінде телефон бойынша «Тікелей желіде» табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы В.Е.Чернецкиймен сұхбат өтті.

2009 жылдың 7 қазанында ШҚ «ВостокКазНедра» ММ-нің, Ертіс экологиялық департаментінің, ШҚО санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерінің қатысуымен екі елді мекен Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Шүлбі кентінің және Баженов ауылының қоқыс үйіндісін қатты-тұрмыстық қалдықтар үшін заңдастыру туралы сұрақты шешу бойынша көшпелі кеңес өткізіледі. Кеңеске Семей қаласы Шүлбі кентінің әкімі Л.Гребельная, Баженов ауылының тұрғындары қатысады.

2009ж. 21 қазанында Үржар ауданында ШҚ «ВостокКазНедра» ММ-нің, Ертіс экологиялық департаментінің, ШҚО санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерінің қатысуымен екі елді мекен Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Үржар және Жарбұлақ ауылдарында қоқыс үйіндісін қатты-тұрмыстық қалдықтар үшін заңдастыру туралы сұрақты шешу бойынша көшпелі кеңес өткізілді.

Экологиялық реттеу бөлімінің жұмысын жетілдіру мақсатында табиғат пайдаланушылар арасында сауалнама басталды.

Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 8:00 – 12:00,
14:00 – 17:00

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

полностьюдалее..