Жаңалықтар

Сауалдама

Сіз орман пайдалануға (саңырауқұлақ, жидек жинауға, шөп шабуға, омарта орналастыруға, мәдени-сауықтыру мақсаттарына және т.б.) арналған рұқсаттама алу – орман билетін ресімдеу рәсімін күрделі деп санайсыз ба?

Мұрағаты

2008 жылғы жұмысы туралы есеп

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің

2008 жылғы жұмысы туралы есеп

Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2008 жылдың 12 айында өсімдіктер мен жануарлар және балық шаруашылығын қорғау саласында табиғат қорғау заңнамасын бұзу туралы мәлеметтер бойынша 5606 рейд және 2226 тексеру жұмыстарын өткізді.
Анықталған бұзушылық 1451 (олардың ішінде орман шаруашылығын пайдалану тәртібін бұзу 996, аң аулау тәртібін бұзу – 210, балық аулау мен балық қорын қорғау тәртібін бұзу – 161. Ерекше қорғалатын табиғаттық аймақ – 84 жағдай). Әкімшілік жауапкершілікке тартылған 1249 – жеке тұлғалар, 96 – лауазымды тұлға. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған – 8 адам.

Заң бұзушыларға салынған әкімшілік айыппұлдардың соммасы 7775,4 тенге (өндірілген айыппұлдар соммасы 7294,5 тенге). Қойылған талаптар соммасы 12113,7 тенге (өндірілген талаптар 4970,1 тенге)

Заң бұзушылардан алынған браконьерлік құралдар саны – 352. Соның ішінде: 59 тегіс оқпанды (5 – ойындылы қару), 173 – аулау құралдары (ау, желі), 6 – қалқитын құралдар, 109 – басқа браконьерлік құралдар.

2008 жылдың өткен 12 айында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және оған қарайтын мемлекеттік мекемелерде бұқаралық ақпарат құралдарына: газет, журналдарға – 75 рет жариаланған, радио мен теледидардан 22 рет хабар өткізілді.
2008 жылдың ІV тоқсанында облыстың су объектілеріндегі экологиялық жағдай тұрақты ретінде сипатталды. Өзендердегі судың ластану индексі айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ.

Күзде жауан-шашынның көп болуына байланысты су объектілеріндегі гидрогеологиялық жағдай жақсарды.
Бөлім Курчатов қаласында өткен «Семей сынақ полигоны. Радиациялық мұра және оның таралуына жол бермеу проблемелары» ІІІ халықаралық конференцияға, және Белокатунь ГЭС-і бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жаңындағы жұмыс тобының жұмысына қатысты.

Қазақстан Республикасын Президентінің 2008 жылғы 30 қыркүйек – 1 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысына келген сапарында берген тапсырмасына сәйкес өңірдің экологиялық проблемаларын инновациялық тұрғыдан шешуді әзірлеу бойынша ластаушы-кәсіпорындармен жұмыс жүргізді; Шығыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының қатысуымен «Экотерминал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тұсаукесерін ұйымдастырды; сатылып алынған және дайындалған құрал-жабдықтарды коммуналдық меншікке өткізу бойынша жұмыстар жүргізді; Өскемен қаласында медициналық қалдықтарды пайдаға жарату үшін құрал-жабдықтарды орнату бойынша мәселемен жұмыс істеді; облыста құрамында сынабы жинақталған бар қалдықтарды демеркуризациялауға және иесіз қалдықтарға қатысты мәселелермен жұмыс істеді.

2008 жылдың төртінші тоқсанында экологиялық сараптама бөлімінің қарауына 910 құжат түсті, олардың ішінде қаралғаны 1188 құжат (өткен тоқсаннан қалғандарды ескерумен), соның ішінде: жоба алдындағы материалдар – 785, рұқсат берілген шектегі шығарындылар нормативтерінің жобалары – 67, құрылыс және объектілерді қайта жаңарту жобалары - 336. 2009 жылдың 1 қаңтарына қаралуға қалған құжаттардың саны - 2.

Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 8:00 – 12:00,
14:00 – 17:00

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

полностьюдалее..