Жаңалықтар
Сауалдама
Сіз орман пайдалануға (саңырауқұлақ, жидек жинауға, шөп шабуға, омарта орналастыруға, мәдени-сауықтыру мақсаттарына және т.б.) арналған рұқсаттама алу – орман билетін ресімдеу рәсімін күрделі деп санайсыз ба?
2007 жылғы жұмысы туралы есеп
Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің
2007 жылғы жұмысы туралы есеп
2007 жылы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің негізгі міндеті «Жасыл ел» және «Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортасын қорғаудың 2005-2007 жылдарға арналған» өңірлік бағдарламаларында қарастырылған іс-шараларды іске асыру болды.
«Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортасын қорғаудың 2005-2007 жылдарға арналған» өңірлік бағдарламасы мен «2007-2009 жылдарға арналған тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару» өңірлік бағдарламасын іске асыруға 144,6 миллион теңге бөлінді. Қаражат толық игерілді.
2007 жылға арналып жоспарланған барлық табиғат қорғау і-шаралары орындалды.
Негізгі көңіл мынадай басым бағыттарға бөлінді:
- атмосфера ауасының сапасын жақсарту. Автомобиль бензиніне жүргізілген сынақтың нәтижесі бойынша 12 партиядағы көлемі 115,6 мың литр бензиннің құрамында нақты шайыр мен бензолдың көлемді үлесі бойынша талаптарға сәйкес келген жоқ.
- су ресурстарының сапасын жақсарту, Семей және Өскемен қалаларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін жобалау орындалды.
- өндіріс пен тұтыну қалдықтарының көлемін азайту (люминесценттік лампалар мен аспаптардың 51000 данасы жиналды және сақталуға тапсырылды).
- радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізу: (Өскемен қаласының аумағындағы паспортталған радиоактивті ластанған ошақтарды зарарсыздандыру және қайта өңдеу жүргізілді).
- биоресурстардың жай-күйін жақсарту: Өскемен қаласының экологиялық саябағының жобасын әзірлеу; - Үржар, Ұлан және Көкпекті аудандарының алқаптарда жабайы аңдар мен құстар үшін табиғи азық базасын молықтыру бойынша биотехникалық іс-шаралар жүргізу; - жыртқыш жануарлардың (қасқырдың) санын реттеу бойынша іс-шаралар; - облыстың 6 ауданының аумағындағы 46 су тоғанын паспорттау.
- экологиялық білім беру және халықты ағартудың деңгейін арттыру бойынша: Бұқаралық ақпарат құралдарында 43 мақала жарияланды. Экологиялық мұражайдың базасында мектеп оқушылары мен студенттерге арналып 52 лекция оқылды. Экологиялық білім беру және ағарту жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысы ұйымдастырылды;
- қоршаған ортаның сапасын ары қарай тұрақтандыру үшін ғылыми негіз құру (2007-2009 жылдарға арналған тұрмыстық қатты қалдықтарды басқарудың ғылыми-негізделген өңірлік бағдарламасы әзірленді және бекітілді; - Өскемен, Зырян, Семей және Риддер қалалары үшін тұрмыстық қатты қалдықтармен айналысудың нормативтік жобалары әзірленді).
Шығыс Қазақстан облысының 2007 жылға арналған «Жасыл ел» өңірлік бағдарламасын іске асыруға 549,2 миллион теңге бөлінді. Қаражат толық игерілді.
2007 жылға арналып жоспарланған барлық іс-шаралар орындалды.
Ормандарды молықтыру және ормандарды дамыту бойынша:
- 9 орман тұқымбағындағы 2 гектар алаңға орман тұқымын себу және 11 гектар алаңға сүректік ағаш түрлерінің плантациясының іргетасы қаланды.
Мемлекеттік орман қорының аумағындағы 422 гектар алаңға орман дақылдарын отырғызу жүргізілді.
Ормандарды өрттен қорғауды ұйымдастыру бойынша мынадай алдын алу іс-шаралары орындалды:
- 500 шақырым жолақ жыртылды; - ұзындығы 1507 шақырым жыртылған жолаққа күтім жасалды; - өртке қарсы тақырыптарға арналып 501 дана аншлаг орнатылды: - ауыл шаруашылық құрылымдарына 652 дана жазбаша өкім берілді.
Департаменттің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қорының аумағында 2007 жылы 25 орман өрті болды, залалдың сомасы 4222,8 мың теңгені құрады. Өртенген жалпы алаң 196,8 гектарды құрады, соның ішінде 143,4 га орманды алқаптар, ал 53,4 га орманы жоқ алқаптар. 25 өрттің 15-і найзағайдың ұшқынынан, 4 – ауыл шаруашылық жерлерді өртеуден, 1 – тұрғындардың кінәсінен болды және 5 жағдайда себебі анықталған жоқ.
Орманның алқаптарын өз бетімен кесуден күзету, жануарлар әлемін браконьерліктен қорғау. 2007 жылы браконьерлікпен күрес бойынша 622 рейд пен 2040 тексеру жүргізілді. Табиғат қорғау заңнамасын 2193 бұзу анықталды. Сомасы 7043,2 мың теңгенің айыппұлы салынды, 7595,2 7043,2 мың теңгесі өндірілді (өткен жылғы қарыздарды есептеумен). Сомасы 6926,6 мың теңгенің 260 талабы қойылды, 5254,1 мың теңгесі өндірілді. Құқық қорғау органдарына 1850 іс жіберілді. Бұзушылардан 82 бірлік браконьерлік құрал тәркіленді.
Елді мекендерді көгалдандыру және олардың маңайында жасыл аймақтар құру бойынша жұмыстар. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктері ағымдағы жылы бөлінген көлемі 1,56 млн. теңгені толық игерді. Облыстың елді мекендерінде 144 845 ағаш пен 43 975 қума метр бұта отырғызылды.
Орманды пайдаланушылармен жұмыс. 2008 жылғы 01 қаңтар бойынша 66 ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты қолданыста, соның ішінде сүрек дайындау бойынша 19, мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін 37, омарта орналастыру үшін 7, шөп шабу үшін 2 және марал шаруашылығы жүргізу үшін 1.
Шығыс Қазақстан облысы – орманды өлке. Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік орман қорының жалпы алаңы 3,6 миллион гектарды құрайды, онда Қазақстанның барлық экономикалық құнды екпе ағаштарының 44 % шоғырланған. Орманы бар алқап 1,7 миллион гектарды құрайды. Екпе ағаштардың жалпы қоры 132 миллион текше метрге жуық, олардың ішінде піскен және қартайған ағаштардың қоры 79 миллион текше метрді құрайды. Шығыс Қазақстанның ормандары Қалба жоталарының өзіндік ерекшелігі бар қарағайларынан, Кенді Алтайдың қою түсті қылқан жапырақты ағаштарынан, Оңтүстік Алтай мен Сауырдың балқарағайынан, Тарбағатайдың жапырақты ормандары мен жайылма ормандардан тұратын табиғи кешенді құрайды.
Олардың барлығы топырақ пен даланы қорғаушы, климатты қалыптастыратын, суды қорғайтын, санитарлық-гигиеналық, рекреациялық және басқада маңызды қорғаныс функцияларын атқарады.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің коммуналды меншігінде 13 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі бар, олардың қарауында жалпы көлемі 2,2 миллион гектар мемлекеттік орман қоры бар. Мемлекеттік орман күзетінің жалпы саны 1087 бірлікті құрайды.
Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері үшін мемлекеттік басқару органы болып Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті табылады. Оның негізгі міндеттері:
1) табиғи ресурстарды қорғау, табиғат қорғау заңнамасын, жергілікті деңгейде экологиялық талаптардың нормативтерін сақтау саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
2) орман және аңшылық ресурстарын, су объектілерін және қоршаған ортаны қорғаудың өзге де объектілерін мемлекеттік басқару мен ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
3) орман, су және аңшылық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыруға қатысу;
4) тұрақтылықты сақтау және қоршаған ортаны жақсарту мақсатында облыстағы ормандардың санын көбейту;
5) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы тұрпатты, бірегей және сирек кездесетін ландшафттарды, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің биологиялық әртүрлілігін сақтау.
Басты міндеттердің бірі ормандарды өрттен, заңсыз шабулар мен аурулардан қорғау болып табылады. 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің қарауындағы мемлекеттік орман қорының аумағында алаңы 0,3 гектар болатын 1 орман өрті болды, ол авиациялық орман күзеті десанттарының қатысуымен мемлекеттік орман күзетінің күшімен жойылды.
Дайындық кезеңінде олар орман өрттерін өшірудің жедел жоспарын әзірледі және оны аудандар мен қалалардың әкімдері бекітті, онда өрттерді өшіру үшін күш пен құралдар - 2722 адам, 234 трактор мен 205 автомобильді тарту қарастырылған, жергілікті жағдайларды ескерумен өрт қаупінің кластарына байланысты орман күзетінің жұмыс регламенті әзірленді. 9 өрт сөндіру-химиялық станциясы, 10 өрт сөндіру машинасы, 16 трактор, 21 мотопомпа мен басқа да өртке қарсы мүкәммәл толық дайындық жағдайына келтірілді.
Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің орманшылықтары мен орталық усадьбаларында өртке қарсы мүкәммәлдар шоғырланған 36 өртке қарсы пункт ұйымдастырылды.
Жедел хабарлауды ұйымдастыру үшін телефон байланысы мен 334 радиостанция қолданылды. тікұшақ қонатын 43 алаңқайды, хабарларды жеткізудің 36 пунктін жайластыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Шектеу мен өртке қарсы профилактикалық және орманды қорғау іс-шаралары орындалды, 41 шақырым жолақ жыртылды, 265 шақырым жолаққа күтім жасалды.
Өр қауіптілігі жоғары маусымда 59 уақытша өрт сөндіру күзетшілерін жұмысқа алу және өртке қарсы мүкәммәл сатып алу қарастырылған. Патруль жасауға 37 патруль автомобилі тартылды.
Мемлекеттік орман күзетінің лауазымды тұлғалары ормандардағы өрт қауіпсіздігінің ережесін сақтау бойынша 490 рейд пен тексеру жүргізді, 318 ұйғарымдама берілді. Тексерулер мен рейдтердің барысында 32 бұзушылық анықталып сомасы 208 мың теңгенің әкімшілік айыппұлы салынды.
Көктемгі кезеңде ормандарды ұдайы өсіру мен ормандарды дамытуға ерекше көңіл аударылады.
Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің қарауындағы орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде 2007 жылы орманды қайта қалпына келтіру жұмыстарының көлемін біршама ұлғайту қарастырылған. Жалпы алаңы 331 гектар алаңда орман дақылдары отырғызылды, 400 гектарға ағаш отырғызу жоспарлануда.
Өткен жылғы орман дақылдарын толықтыру бойынша 150,0 гектар алаңға, 800 гектар алаңдағы орман дақылдарына күтім жасау бойынша, 10 гектар алаңдағы плантацияларға көшет отырғызу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Жасыл Ел» бағдарламасына сәйкес облыстың жоғарғы оқу орындарының студенттері мен жастары орман шаруашылығының Риддер, Самар, Зайсан мемлекеттік мекемелерінде орманды қалпына келтіру жұмыстарына қатысуда.
Облыстың фаунасы өте бай. Барлығын қосқанда мұнда құстардың 300 түрі, сүт коректілердің 114 түрі мекен етеді. Бұл – қоңыр аю, марал, бұлан, елік, күдір, қасқыр, сілеусін, бұлғын, құну, сасық күзен.
Кеміргіштерден - ұшар, алатышқан, тиін. Тайгалық өзендермен және көлдермен көптеген құстар байланысты. Қара ләйлек, бейнеарық үйрек жиі кездеседі.
Көлдерде сұр үйрек, сары айдар үйрек, шүрегей, барылдауық үйрек ұя салады. Адамдар бара бермейтін жерлерде саңырау құр, шіл, тоқылдақ, сайрауық мекендейді.
Мұнда балықпен қоректенетін ақ сұңқар мен балықшы тұйғын, сондай-ақ күміс шағала, қарабас өгізшағала, шалшықшы бар.
Марқакөл көлінде ускуч, майқан балық мекен етеді
Облыстың аңшылық алқаптары 24400 мың гектарды құрайды. Коммуналдық меншіктегі орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріне бекітілген аңшылық алқаптарының алаңы 2188 мың гектарды құрайды.
Жануарлар әлемін қорғауды орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері, жедел отрядтың инспекторлары жүзеге асырады.
2007 жылдың 4 айында Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті орман, жануарлар әлемі және балық шаруашылығы саласында табиғат қорғау заңнамасын сақтау бойынша 1542 рейд пен 475 тексеру жүргізді.
465 бұзушылық анықталды (олардың: орман бойынша – 221, аңшылық бойынша – 146, балық бойынша – 98 оқиға). Әкімшілік жауапкершілікке 327 жеке және 6 лауазымды тұлға тартылды. Қылмыстық жауапкершілікке 9 адам тартылды.
Бұзушыларға сомасы 1 267 200 теңгенің әкімшілік айыппұлы салынды. Қойылған талап – 2 615 770 теңге.
Бұзушылардан 1339 браконьерлік аулау құралы алынды. Соның ішінде: 43 бірлік отты қару (соның ішінде 3 ойындылы), 1009 ау, қосқандағы ұзындығы 80 шақырымнан артық, 3 көлік құралы, 284 қақпан.
Департамент және оның қарауындағы мекемелер 2007 жылдың 4 айында 29 мақаланы газеттер мен журналдарда жариялады, телевизия бойынша 12 хабар ұйымдастырды.
«Шығыс Қазақстан облысының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» өңірлік бағдарламасының шеңберінде «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті» мемлекеттік мекемесі жиырма ластаушы зат бойынша атмосфера ауасының ластану жай-күйі бойынша тәулік бойғы бақылау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
2007 жылдың қаңтар-мамыр кезеңінде бенз(а)пирен, өлшенген заттар, күкірт диоксиді, азот диоксиді, формальдегид, фенол бойынша ластаушы заттардың орташа құрамының артуы байқалды. Басқа қоспалар бойынша арту байқалған жоқ.
Облыстың бюджеттік ұйымдары мен тұрғындарынан құрамында санабы бар саны 17 000 дана қалдық жиналды.
Жер ресурстарын қорғауды жүзеге асыру үшін Өскемен, Семей, Риддер қалалары үшін қалдықтармен айналысу нормативін әзірлеу басталды – қалалар туралы жалпы мәліметтерді жинау және қалдықтарды пайда қылуда қолданылатын шикізаттың өндірістік және технологиялық үдерістерінің сипаттамалары бойынша жұмыстар орындалды. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау үшін европалық стандарттағы контейнерлерді дайындау бойынша жұмыстар басталды – техникалық сызбасын жасау, бұйымдардың бөлшектерін және жекелеген бөлшектерін жасау бойынша жұмыстар орындалды.
Тұрмыстық қатты қалдықтар объектілерін түгендеу бойынша алты аудан бойынша материалдар жиналды, Глубокое ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды үю объектілерін түгендеу жұмыстары басталды.
Өскемен қаласындағы № 3 өндіріс қалдықтарының полигонын көгалдандыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді, қоқыстан тазартылды, көшеттердің шұңқыры тегістелді, қопсытылды, 290 көшет отырғызылды, күтім жасалды, арам шөбі оталды
Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз еу мақсатында Түркісіб ауылындағы белсенділігі төмен радиоактивті қалдықтарды уақытша көму пунктін жою бойынша жобаны әзірлеу басталды – радиоактивті қалдықтарды орналастыру контурын анықтау, жер үстіндегі және мал өлігін көметін орындағы экспозициялық рауалы қуаттылығын анықтау бойынша жұмыстар орындалды.
Радиоактивті ластануды жою үшін Нефтебаза ауданындағы Попов, 123 көшесіндегі радиоактивті қалдықтарды зарарсыздандыру жүргізілуде.
Өскемен қаласының жағдайына көбірек тән атмосфера ауасындағы радионуклидтердің құрамына жасалған радиациялық бақылау бойынша қаланың атмосфера ауасының, топырағының, жер асты суларының радиациялық-гигиеналық ахуалы бойынша экологиялық ақпарат жиналды және жүйелендіру жүргізілді; қаланың негізгі кәсіпорындары бойынша белгілі және әлеуетті техногендік бөлінетін көздерді бағалау бойынша ақпарат жиналды және талданды, қаланың жағдайына көбірек тән радиоактивті заттардың мөлшерлі тізбесі анықталды.
Өскемен қаласының зерттелмеген аумақтарын ары қарай зерделеу бойынша Меновное ауылының (Өскемен қаласы) құрылыс шекарасы шегінде 350 қума метр көлемінде гамма-түсіру жүргізілді.
Жабайы жануарлардың биологиялық тепе-теңдігі мен санын реттеу мақсатында 135 қасқыр мен 1500 сұр қарға жойылды.
Ұлан, Көкпекті, Үржар аудандарының алқаптарында жабайы аңдар мен құстардың табиғи азық базасын ұдайы өндіру үшін бидай сатылып алынды, жер жыртылып арпа мен тары егу жүргізілді.
Координациялық кеңес шеңберінде экологиялық білім беру бойынша екі ұйымдастыру мәжілісі өткізілді, мұғалімдер үшін өңірдің экологиялық тақырыбын жариялау үшін семинарлардың модулі әзірленді, екі семинар өткізілді. Экологиялық музейдің базасында экологиялық тақырыптарға арналған 35 лекция оқылды, 614 адам қамтылды.
|
|
|
| полностью | далее.. |




