Жаңалықтар

Сауалдама

Сіз орман пайдалануға (саңырауқұлақ, жидек жинауға, шөп шабуға, омарта орналастыруға, мәдени-сауықтыру мақсаттарына және т.б.) арналған рұқсаттама алу – орман билетін ресімдеу рәсімін күрделі деп санайсыз ба?

Мұрағаты

2005 жылғы жұмысы туралы есеп - жалғас

Басқарманың негізгі функцияларының бірі болып қоршаған ортаны қорғау саласында өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және ұйымдастыру болып табылады.

Басқарманың мамандары Д.Серікбаев атындағы мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп «Шығыс Қазақстан облысының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» өңірлік бағдарламаны әзірледі. Бағдарлама табиғат қорғау іс-шараларын кезеңмен, орта мерзімді жоспарлау мен іске асыруды қарастырады. Бағдарлама Қазақстан Республикасының экологиялық Концепциясын іске асыру механизмі болып табылады.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму старатегиясында мемлекеттің негізгі саяси экологиялық мақсаты – қоғам мен қоршаған ортаның үйлесімі, сондай-ақ экологиялық қолайлы өмір сүру ортасын құру анықталған. Мемлекеттік стратегиялық дамуды іске асыру, заңнамалық-құқықтық базаны нығайту үшін «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Экологиялық сараптама туралы», «Радиациялық қауіпсіздік туралы», «Атмосфера ауасын қорғау туралы» заңдары қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында – Президенттің жарлықтары, заңдық күші бар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», Орман, Су және Жер кодекстері, 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің Концепциясы қабылданды.

Осыған байланысты экономиканың барлық саласында экологиялық талаптар мен стандарттарды ендіру жолымен экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жұмыс жандандырылды және күшейтілді. Өнеркәсіп үшін тұрақты даму - экологиялық тиімді жобаларды, корпоративтік жауапкершілікпен үйлескен техникалық инновацияларды ендіру болып табылады.

Бағдарлама екі қаржыландыру көзін қарастырады: облыс бюджетінің қаржысы мен кәсіпорынның өзінің қаражаты. 2005 жылы облыс бюджетінің қаражат көлемі 765 463 мың теңгенің сомасында жоспарланған, кәсіпорындардың өздерінің сомасы 1 710 482 мың теңге көлемінде.

Осы бағдарламаның шеңберінде облыс бюджеті қаржысының есебінен мына бағдарламалар қаржыландырылады:
- қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамту (№ 17 канализациялық сору станциясынан Өскемен қаласының тазарту ғимаратына Ертіс өзені арқылы өтетін канализация дюкерін реконструкциялау) – 380 085 мың теңге;
- жануарлар әлемін қорғау – 4 628 мың теңге;
- орманды дамытуды, орманды қорғау және ұдайы өндіру - 246 548 мың теңге;
- су қорғау аймақтары мен су объектілерінің жолақтарын және су шаруашылығының ғимаратын орнату – 5 000 мың теңге;
- қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларды жүргізу – 129 202 мың теңге.

«Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларды өткізу» ағымдағы бюджет бағдарламасы бойынша 2005 жылдың 9 айы ішінде мынадай іс-шараларды өткізді:

Өткен жылы басталған Өскемен қаласының аумағы мен тұрғындарының денсаулығын кешенді жан-жақты зерттеу жүргізілуде. Қолайсыз метеожағдайдың тұрғындардың денсаулығымен өзара байланысына тереңдетілген талдау жасалды, қатерлі ісік ауруларының пайда болуы мен қала тұрғындарының түрлі жастық-жыныстық топтарының өлу ерекшеліктері, балалардың биоортасында ауыр металлдардың жинақталуы, тұрғындардың иммунологиялық жағдайы зерттелді. Ауыл шаруашылық өнімдерінің ауыр металлдармен ластануын зерттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Атмосфера ауасының сапасын бақылау және болжау бойынша атқараттық техноголияларды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қоршаған ортаға автомобиль көлігінің әсерін азайту үшін 2003 жылдан бастап облысқа түсетін бензиннің сапасына бақылау жүргізілуде. Тексерудің қорытындысы бойынша ЖҚС басшыларына айыппұл салынады және сапасыз өнімді сатуға тыйым салынуда.

Облыста өндірістік қалдықтарды басқару және тұтыну бағдарламасы әзірленуде. Ертістің сол жағалауында экологиялық саябақта арнайы жер учаскесі таңдалып алынды және онда техникалық экономикалық негіздемелері жүргізілуде. Мұндай саябақты құру тұрғындардың денсалығын жақсарту бойынша реабилитациялық іс-шаралар жүргізіледі, сондай-ақ жастар үшін ұйымдасып демалу орны болып табылады.

Ауылдық аймақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде Глубокое ауданының Белоусовка кентінде, Бородулиха ауданының Камышенка ауылында және Ауыл бекетінде тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының елді-мекендерінде су қорғау аймақтары мен шағын өзендердің жолақтарын жайластыру бойынша жұмыстар орындалды.

Соңғы жылдары Дұбығылы («Окуньки») көліне қоршаған ландшафттың құлдырауынан, сондай-ақ судың химиялық-биологиялық құрамының өзгеруіне байланысты нормадан жоғары рекреациялық салмақ түсуде. Осыған байланысты Дұбығалы көлінің түбіне тазарту жұмыстары жүргізілді.

Орман түрлерінің генетикалық әртүрлілігінің сақталу проблемасына бүкіл әлемде барған сайын үлкен назар аударылуда. Қазақстан әлемнің 150 астам елдермен бірге биологиялық әртүрлілікті сақтау бойынша Конвенцияның мүшесі болып табылады. Ағымдағы жылы ормандық генетикалық резерваттардың қазіргі жағдайына, олардың Кенді және Оңтүстік Алтайда сақталуы бойынша іс-шараларды әзірлеумен бағалау жұмыстарын жүргізілуде.

Экологиялық қауіптерді азайту үшін құрамында сынабы бар саны 60418 дана қалдықтарды жинау және сақтау жүргізілді.

Өскемен қаласы аумағының ластанған топырағын табиғи минералды сорбенттерді пайдаланумен тазарту бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілді.

Биоресурстарды қорғау және ұдайы өндіру мақсатында Ұлан ауданында қабандарды жерсіндіру, жабайы аңдар мен құстардың табиғи азықтық базасын ұдайы өндіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Жыртқыш аңдардың санын реттеу бойынша іс-шаралар шеңберінде 265 қысқыр мен 25 бөлтірік жойылды.

Экология мәселесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының қоғамдық пікірін зерттеу бойынша тұрғындардың экологиялық білімі мен ағарту саласында жұмыс жүргізді; тұрғындардың қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауларына насихат жүргізу үшін Өскемен қаласында – 6 дана және Семей қаласында – 4 дана жарнамалық металлдық конструкцияларға билбордтарды орналастыру жүргізілді; саны 500 дана “Экосфера” анықтамалық-ақпараттық экологиялық журнал-жылнама, ай сайынғы “Зеленый лист” экологиялық газеті шығарылды; жұртшылықты, тұрғындарды, кәсіпорындар мен ұйымдарды тартумен облыстың қалалары мен аудандарының аумақтарын тазарту бойынша кең көлемде “Жасыл бақ-таза қала” экологиялық акция өткізілді; экологиялық музейдің жаңа экспозияциялық бөлімдері құрылды. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің бастамасымен Өскемен қаласында “Экологиялық проблемалардың қазіргі жағдайы және шешу перспективалары” Өңірлік форумы өткізілді. Форумға қатысушылар экологиялық мәселелерді талқылады және қоршаған ортаның проблемаларын шешуге арналған стратегиялық әрекет ету жоспарын қарады. Форумға министрліктер мен ведомтсволардың, қоғамдық ұйымдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары қатысты. “Қоршаған ортаны қорғауға арналған техника мен технология” атты ғылыми-практикалық халықаралық конференция өткізілді.

Қазақстанның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысына келген сапарында берген тапсырмасын іске асыра отырып, Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті қала әкімдігімен бірлесе отырып Өскемен қаласының экологиялық жағдайын жақсарту бойынша кешенді бағдарламаның жобасы әзірледі.

Департамент директоры В.КОЛЕСНИКОВ

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысының ең қиырында орналасқан. Ол 28,3 миллион гектар жерді алып жатыр және 7 табиғи аумақта орналасқан: таулы егістік аймағы, альпілік тундралық-шалғындық аймақ, ормандық аймақ, орманды-далалық аймақ, орманды аймақ, шөлдік-далалық аймақ, шөлдік аймақ. Жергілікті жер бедері алуан түрлілігімен және күрделілігімен ерекшеленеді.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорының аумағы 3 миллион 627 мың 554 гектарды құрайды, орман жамылғаны – 1 миллион 762 мың 580 гектар. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің қарауындағы мемлекеттік орман қоры 2 миллион 187 мың 787 гектар, орман жамылған алқабы 1 миллион 132 мың 434 гектар. Аңшылық аумақтарының көлемі – 24400 мың гектар. Аңшылықты пайдаланушыларға бекітіліп берілген аң аулау алқаптарының көлемі – 24,4 миллион гектар.

Облыс гидрографикалық желісінің жақсы дамуымен сипатталады, оның қалыңдығы мен суының молдығы таулы аудандарға теңестіріледі. Облыстың өзендері Ертіс бассейніне құяды және негізінен солтүстік және солтүстік-батыс бағыттарында тиісінше жердің ылғиына қарай ағады. Өсімдіктер сүректік, бұталық және шөптесін ассоциациялардан құралған. Негізгі орманды құрайтын түрлер – майқарағай, қарағай, балқарағай, көктерек, қайың.

Облыстың аумағында сүтпен қоректенушілердің 109 түрі (Қазақстандағы түрлердің жалпы санының 61,2 пайызы), құстар – 375 (76,5 пайыз), бауырымен жорғалаушылар 17 түрі (34,7 пайыз) мекен етеді.

Орман қорын қорғау, күзету, ұдайы өндіру, ресурстық және экологиялық әлеуетін көтеру бойынша міндеттерді шешумен, оларды ұтымды пайдаланумен 01 шілдедегі штаттық саны – 1087 бірлік Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің 40 орманшылығы бар орман шаруашылығының 13 мемлекеттік мекемесі мен өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі жедел отряды айналысады.

Орман шаруашылықтарының мемлекеттік мекемелерінің қызметтеріне жалпы штаттық саны 38 бірлік Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті басшылық жасауды жүзеге асырады.

Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті 2005 жылғы 1 қаңтарда құрылған.

Департаменттің құрылымдық бөлімшелері болып табылады:
- орман, аңшылық және балық шаруашылығы басқармасы;
- табиғат қорғау бағдарламалары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы;
- әкімшілік бөлімі.

Орман, аңшылық және балық шаруашылығы басқармасы

Басқарманың негізгі міндеттері болып табылады:
- орман және аңшылық ресурстарын, су объектілерін, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің басқа да ресурстарын мемлекеттік реттеу мен ұтымды пайдаланумен қамтамасыз ету;
- орман, су және аңшылық шаруашылығы мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу және іске асыру;
- қоршаған ортаны жақсарту және тұрақтылығын сақтау мақсатында облыстың ормандылығын көбейту;
- өсімдіктер, жануарлар әлемінің биологиялық әртүрлілігін, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сирек кездесетін және бірегей, типтік ландшафтарын сақтау.

Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің орман күзеті үш тоқсан бойы табиғат қорғау заңнамасының сақталуы үшін бақылау жасау бойынша 2279 рейд, табиғатты пайдаланушылардың қызметтеріне 947 тексеру жүргізді. Осы іс-шараларды жүргізудің нәтижесінде 2205 табиғат заңнасын бұзушылық анықталды. Соның ішінде:
- өрт қауіпсіздігі мен санитарлық талаптарды бұзу - 680;
- балық аулау және балық қорын қорғау тәртібін бұзу - 550;
- заңсыз ағаш шабу және ағаштар мен бұталарды зақымдау - 550;
- аң аулау ережесін бұзу - 242 (оның ішінде дөрекі бұзу-41);
- басқа бұзушылықтар - 442.

1993 құқық бұзушы анықталды. Олардың 52 - лауазымды тұлғалар.

Табиғат қорғау заңнамасын бұзушыларға жалпы сомасы 2.910.000 теңгенің 1924 әкімшілік айыппұлы салынды. Олардың 79,5 пайызы өндірілді, сомасы 2.313.900 теңгені құрады. Жалпы сомасы 4.678.400 теңгенің 246 соттық талабы қойылды. Олардың 39,2 пайызы өндірілді, өндірілген сома 1.832.200 теңгені құрады.

Көрсетілген мерзімнің ішінде табиғат қорғау заңнамасын сақтау саласында ауыр қылмыстық-жазалау белгілері бар 130 құқық бұзушылық жасалды. Олар бойынша хаттамалар соттар мен ішкі істер бөлімдеріне жіберілді, 98 қаралды.

Салынған әкімшілік айыппұлдардың құрылымы мынадай:
- орман заңнамасын бұзу бойынша - 1275 (сомасы 1,341,700 теңге);
- балық аулау ережесін бұзу бойынша - 425 (сомасы 354.200 теңге);
- аң аулау ережесін бұзу бойынша - 119 (сомасы 618.000 теңге).

Қазіргі кезде мемлекеттік мекемелер 2005 жылғы өрт қауіптілігі жоғары маусым бойынша жұмыстарын аяқтады. Мемлекеттік мекемелердің барлығымен телефон байланысы орнатылды және саны 123 дана радиостанция жұмыс істеді, олардың: 38 стационарлық, 32 мобильді, 10 қолға ұстайтын. Орманшылықтарда және өрт сөндіру-химиялық станцияларында өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтар бар. Барлық мемлекеттік мекемелерде жанар-жағармай қоры құрылды. Ағымдағы жылдың ақпан айында мемлекеттік мекемелер “Орман өрттерін жедел өшіру жоспарын” әзірледі және аудан әкімдерімен бекітті, олар бойынша қажет болған жағдайда өрттерді өшіруге 204 трактор, 131 автомобиль мен жергілікті тұрғындардың ішінен 2122 адамды жұмылдыруға болады.

Орман шаруашылығының мекемелері 2005 жылға арналып жоспарланған алдын алу іс-шараларын орындады (жыртылған жолақ салу-462 шақырым, жыртылған жолаққа күтім жасау-1218 шақырым, өрт сөндіру үшін маңызды жолдарды салу-50 шақырым; өрт сөндіру үшін маңызды жолдарға жөндеу жүргізу-115 шақырым; өртке қарсы тақырыптарға арналған аншлагтарды орнату-471 дана; дем алу және шылым шегу орындарын орнату-40 дана; тікұшақ қонатын алаңқайлар салу-36 дана; жеткізулерді қабылдау және өрт сөндіруге арналған мүкәммәлдарды шоғырландыру-36 дана).

Профилактикалық іс-шаралар ретінде 663 рейд пен “Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауіпсіздігінің ережелерінің” сақталуы бойынша 364 тексеру жүргізілді, олардың барысында орман күзеті қызметкерлерімен 781 бұзушылық анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 781 хаттама жасалды, сомасы 732,1 мың теңгенің айыппұлы салынды.

Өртке қарсы тақырыптарға арналған 471 аншлаг орнатылды. Мекемелер мен ұйымдарға “Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауіпсіздігінің ережесін” сақтау бойынша 449 ұйғарымдама берілді. Өртке қарсы тақырыпқа арналған 1312 парақша таратылды, ұйымдар мен оқу орындарында 631 лекция оқылып, семинар, әңгімен жүргізілді. “Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауіпсіздігінің ережесін” сақтау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында 35 хабар ұйымдастырылды, телевизия бойынша-4 және газеттерде 28 мақала жарияланды.

Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің жұмысының негізгі бағыттарының бірі - орманды заңсыз шабумен күрес жүргізу. Ағымдағы жылы осы мәселе бойынша 693 рейд пен 200 тексеру жүргізілді, олардың барысында 509,8 текше метр заңсыз ағашты шабудың 304 жағдайы анықталды, олардан 1552,0 мың теңгенің сомасында зиян келтірілді, 69 материал сот огандарына жіберілді, 63 іс қаралды. Сомасы 279,7 мың теңгенің әкімшілік айыппұлы 253 адамға салынды. Сомасы 828,4 мың теңгенің талабы қойылды, 623,1 мың теңге өндірілді.

Жалпы алғанда орман күзетінің қызметкерлері 1570 орман заңнамасын бұзуды анықтады, бұзушыларға 1648,8 мың теңгенің сомасында айыппұл салынды және 1828,4 мың теңгенің сомасында талап қойылды.

Орман шаруашылығының мекемелері сүрек дайындау бойынша 12 лот-өтінімді әзірледі. Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен лот-өтінімдерді дайындағаннан кейін тендерлік комиссия тағайындалды және мемлекеттік орман қорының учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға ұсыну бойынша тендер өткізудің күні белгіленді және тендер комиссиясы құрылды. Тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу 2005 жылғы 22 маусымда өткізілді. 12 лотқа 22 тендерлік өтінім түсті. Тендерге қатысушылардың ұсыныстары оны жүргізудің шарттарына сәйкес келмеуіне байланысты тендер тоқтатылды. Оны қайтадан жүргізу көзделуде.

2003-2004 жылдары ормандарды қалпына келтіру бірінші кезектегі мәселе болды. Орман шаруашылықтарын коммуналдық меншікке қабылдау кезеңінде бұрын жұмыс істеп тұрған 20 тұқымбақтың 9 ғана талапқа сай жағдайға келтірілді. 2003 жылы 47 гектар алқапқа, 2004 жылы 32 гектарға, ал 2005 жылы 220 гектар алқапқа орман дақылдарын отырғызу жүргізілді.

Шығыс өңірінің ауданында жалпы көлемі 289,5 гектар төрт мемлекеттік қорық бар. Құлынжүн мен Тарбағатай қорықшалары; Нижный Тургусун және “Қаратал құмдары” мемлекеттік ботаникалық қорықшалары, олардың күзетіне ақшалай қаражат бөлінбейді және орман күзетінің штаттық саны бекітілмеген.

Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің орман күзетінің қызметкерлері 2005 жылдың үш тоқсанында құқық бұзушылардан браконьерліктің 981 құралын алды, соның ішінде 116 бірлік отты қару (олардың 11 ойындылы), 418 тұзақ, арнайы жасалған дұзақ, қақпан, аң аулаудың өздігінен атылатын және басқа да құралдарын құрылған жерлерінен алды, олардың көпшілігі жабайы аңдар мен байқаусызда түсіп қалған адамның өмірі үшін аса қауіпті болып саналатын тыйым салынған құралдар. Браконьерлерден атылып алған жануарлардың 320 тушасы алынды.

Мемлекеттік орман қорының аумағынан ағып өтетін өзендер балықтың бағалы және қызылкітаптың түрлерінің мекен ету ортасы болып табылады, олардың көшу жолдары мен уылдырық шашу орындарында орман күзетінің қызметкерлері құқық бұзушылардан 418 ау мен балық аулау торларын алды және жойды, олардың жалпы ұзындығы 10,5 шақырымнан асып кетті.

Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері жергілікті тұрғындардың арасында табиғат қорғау тақырыптарына арналған түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде өткізіп тұрады. Көрсетілген мерзімнің ішінде олар 49 мақала, заметкаларды газеттер мен журналдарға жариялады, радио мен телевизияда 37 хабар өткізді.

Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің аңшылық мамандары әуесқой аңшылармен жануарлар әлемін қорғау тақырыптары мен сондай-ақ Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің қоршаған ортаны қорғау, жануарлар әлемін пайдалану, аң және балық аулау тәртібін сақтау саласындағы баптарын түсіндіру бойынша 1500 әңгіме өткізді.

Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің қызметкерлері жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су бөгендерін балық шаруашылығын жүргізу мақсатында ұзақ мерзімді пайдалануға бекіту бойынша конкурс жүргізу үшін материалдарды әзірлеуде. Беделді конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес қолданыстағы заңнаманың барлық талаптарын сақтай отырып, ұзақ мерзімді пайдалануға 142 су объектісін тапсыру жоспарлануда, олардың арасында бұрынғы совхоздар мен колхоздардың су тоғандары мен өнеркәсіптік балық шаруашылығы үшін жарамды көлдердің бөлігі бар. Қазіргі кезде бұл объектілердегі гидротехникалық ғимараттардың техникалық жағдайлары мәз емес, кей кездерде жақын маңдағы елді мекендер үшін төтенше қауіп жағдайын тудыруда. Жағалаулардың да санитарлық жағдайы нашар. Тендерді өткізгеннен кейін объектілердің техникалық және санитарлық жағдайы үшін жауапкершілік табиғатты пай.

Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 8:00 – 12:00,
14:00 – 17:00

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

полностьюдалее..