Жаңалықтар

Сауалдама

Сіз орман пайдалануға (саңырауқұлақ, жидек жинауға, шөп шабуға, омарта орналастыруға, мәдени-сауықтыру мақсаттарына және т.б.) арналған рұқсаттама алу – орман билетін ресімдеу рәсімін күрделі деп санайсыз ба?

Мұрағаты

2005 жылғы жұмысы туралы есеп

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің

2005 жылғы жұмысы туралы есеп

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысының ең қиырында орналасқан. Ол 28,3 миллион гектар жерді алып жатыр және 7 табиғи аумақта орналасқан: таулы егістік аймағы, альпілік тундралық-шалғындық аймақ, ормандық аймақ, орманды-далалық аймақ, орманды аймақ, шөлдік-далалық аймақ, шөлдік аймақ. Жергілікті жер бедері алуан түрлілігімен және күрделілігімен ерекшеленеді.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорының аумағы 3 миллион 627 мың 554 гектарды құрайды, орман жамылғаны – 1 миллион 762 мың 580 гектар. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің қарауындағы мемлекеттік орман қоры 2 миллион 187 мың 787 гектар, орман жамылған алқабы 1 миллион 132 мың 434 гектар. Аңшылық аумақтарының көлемі – 24400 мың гектар. Аңшылықты пайдаланушыларға бекітіліп берілген аң аулау алқаптарының көлемі – 24,4 миллион гектар.

Облыс гидрографикалық желісінің жақсы дамуымен сипатталады, оның қалыңдығы мен суының молдығы таулы аудандарға теңестіріледі. Облыстың өзендері Ертіс бассейніне құяды және негізінен солтүстік және солтүстік-батыс бағыттарында тиісінше жердің ылғиына қарай ағады. Өсімдіктер сүректік, бұталық және шөптесін ассоциациялардан құралған. Негізгі орманды құрайтын түрлер – майқарағай, қарағай, балқарағай, көктерек, қайың.

Облыстың аумағында сүтпен қоректенушілердің 109 түрі (Қазақстандағы түрлердің жалпы санының 61,2 пайызы), құстар – 375 (76,5 пайыз), бауырымен жорғалаушылар 17 түрі (34,7 пайыз) мекен етеді.

Орман қорын қорғау, күзету, ұдайы өндіру, ресурстық және экологиялық әлеуетін көтеру бойынша міндеттерді шешумен, оларды ұтымды пайдаланумен 01 шілдедегі штаттық саны – 1087 бірлік Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің 40 орманшылығы бар орман шаруашылығының 13 мемлекеттік мекемесі мен өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі жедел отряды айналысады.

Орман шаруашылықтарының мемлекеттік мекемелерінің қызметтеріне жалпы штаттық саны 38 бірлік Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті басшылық жасауды жүзеге асырады.

Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті 2005 жылғы 1 қаңтарда құрылған.

Департаменттің құрылымдық бөлімшелері болып табылады:
- орман, аңшылық және балық шаруашылығы басқармасы;
- табиғат қорғау бағдарламалары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы;
- әкімшілік бөлімі.

Орман, аңшылық және балық шаруашылығы басқармасы

Басқарманың негізгі міндеттері болып табылады:
- орман және аңшылық ресурстарын, су объектілерін, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің басқа да ресурстарын мемлекеттік реттеу мен ұтымды пайдаланумен қамтамасыз ету;
- орман, су және аңшылық шаруашылығы мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу және іске асыру;
- қоршаған ортаны жақсарту және тұрақтылығын сақтау мақсатында облыстың ормандылығын көбейту;
- өсімдіктер, жануарлар әлемінің биологиялық әртүрлілігін, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сирек кездесетін және бірегей, типтік ландшафтарын сақтау.

Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің орман күзеті үш тоқсан бойы табиғат қорғау заңнамасының сақталуы үшін бақылау жасау бойынша 2279 рейд, табиғатты пайдаланушылардың қызметтеріне 947 тексеру жүргізді. Осы іс-шараларды жүргізудің нәтижесінде 2205 табиғат заңнасын бұзушылық анықталды. Соның ішінде:
- өрт қауіпсіздігі мен санитарлық талаптарды бұзу - 680;
- балық аулау және балық қорын қорғау тәртібін бұзу - 550;
- заңсыз ағаш шабу және ағаштар мен бұталарды зақымдау - 550;
- аң аулау ережесін бұзу - 242 (оның ішінде дөрекі бұзу-41);
- басқа бұзушылықтар - 442.

1993 құқық бұзушы анықталды. Олардың 52 - лауазымды тұлғалар.

Табиғат қорғау заңнамасын бұзушыларға жалпы сомасы 2.910.000 теңгенің 1924 әкімшілік айыппұлы салынды. Олардың 79,5 пайызы өндірілді, сомасы 2.313.900 теңгені құрады. Жалпы сомасы 4.678.400 теңгенің 246 соттық талабы қойылды. Олардың 39,2 пайызы өндірілді, өндірілген сома 1.832.200 теңгені құрады.

Көрсетілген мерзімнің ішінде табиғат қорғау заңнамасын сақтау саласында ауыр қылмыстық-жазалау белгілері бар 130 құқық бұзушылық жасалды. Олар бойынша хаттамалар соттар мен ішкі істер бөлімдеріне жіберілді, 98 қаралды.

Салынған әкімшілік айыппұлдардың құрылымы мынадай:
- орман заңнамасын бұзу бойынша - 1275 (сомасы 1,341,700 теңге);
- балық аулау ережесін бұзу бойынша - 425 (сомасы 354.200 теңге);
- аң аулау ережесін бұзу бойынша - 119 (сомасы 618.000 теңге).

Қазіргі кезде мемлекеттік мекемелер 2005 жылғы өрт қауіптілігі жоғары маусым бойынша жұмыстарын аяқтады. Мемлекеттік мекемелердің барлығымен телефон байланысы орнатылды және саны 123 дана радиостанция жұмыс істеді, олардың: 38 стационарлық, 32 мобильді, 10 қолға ұстайтын. Орманшылықтарда және өрт сөндіру-химиялық станцияларында өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтар бар. Барлық мемлекеттік мекемелерде жанар-жағармай қоры құрылды. Ағымдағы жылдың ақпан айында мемлекеттік мекемелер “Орман өрттерін жедел өшіру жоспарын” әзірледі және аудан әкімдерімен бекітті, олар бойынша қажет болған жағдайда өрттерді өшіруге 204 трактор, 131 автомобиль мен жергілікті тұрғындардың ішінен 2122 адамды жұмылдыруға болады.

Орман шаруашылығының мекемелері 2005 жылға арналып жоспарланған алдын алу іс-шараларын орындады (жыртылған жолақ салу-462 шақырым, жыртылған жолаққа күтім жасау-1218 шақырым, өрт сөндіру үшін маңызды жолдарды салу-50 шақырым; өрт сөндіру үшін маңызды жолдарға жөндеу жүргізу-115 шақырым; өртке қарсы тақырыптарға арналған аншлагтарды орнату-471 дана; дем алу және шылым шегу орындарын орнату-40 дана; тікұшақ қонатын алаңқайлар салу-36 дана; жеткізулерді қабылдау және өрт сөндіруге арналған мүкәммәлдарды шоғырландыру-36 дана).

Профилактикалық іс-шаралар ретінде 663 рейд пен “Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауіпсіздігінің ережелерінің” сақталуы бойынша 364 тексеру жүргізілді, олардың барысында орман күзеті қызметкерлерімен 781 бұзушылық анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 781 хаттама жасалды, сомасы 732,1 мың теңгенің айыппұлы салынды.

Өртке қарсы тақырыптарға арналған 471 аншлаг орнатылды. Мекемелер мен ұйымдарға “Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауіпсіздігінің ережесін” сақтау бойынша 449 ұйғарымдама берілді. Өртке қарсы тақырыпқа арналған 1312 парақша таратылды, ұйымдар мен оқу орындарында 631 лекция оқылып, семинар, әңгімен жүргізілді. “Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауіпсіздігінің ережесін” сақтау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында 35 хабар ұйымдастырылды, телевизия бойынша-4 және газеттерде 28 мақала жарияланды.

Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің жұмысының негізгі бағыттарының бірі - орманды заңсыз шабумен күрес жүргізу. Ағымдағы жылы осы мәселе бойынша 693 рейд пен 200 тексеру жүргізілді, олардың барысында 509,8 текше метр заңсыз ағашты шабудың 304 жағдайы анықталды, олардан 1552,0 мың теңгенің сомасында зиян келтірілді, 69 материал сот огандарына жіберілді, 63 іс қаралды. Сомасы 279,7 мың теңгенің әкімшілік айыппұлы 253 адамға салынды. Сомасы 828,4 мың теңгенің талабы қойылды, 623,1 мың теңге өндірілді.

Жалпы алғанда орман күзетінің қызметкерлері 1570 орман заңнамасын бұзуды анықтады, бұзушыларға 1648,8 мың теңгенің сомасында айыппұл салынды және 1828,4 мың теңгенің сомасында талап қойылды.

Орман шаруашылығының мекемелері сүрек дайындау бойынша 12 лот-өтінімді әзірледі. Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен лот-өтінімдерді дайындағаннан кейін тендерлік комиссия тағайындалды және мемлекеттік орман қорының учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға ұсыну бойынша тендер өткізудің күні белгіленді және тендер комиссиясы құрылды. Тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу 2005 жылғы 22 маусымда өткізілді. 12 лотқа 22 тендерлік өтінім түсті. Тендерге қатысушылардың ұсыныстары оны жүргізудің шарттарына сәйкес келмеуіне байланысты тендер тоқтатылды. Оны қайтадан жүргізу көзделуде.

2003-2004 жылдары ормандарды қалпына келтіру бірінші кезектегі мәселе болды. Орман шаруашылықтарын коммуналдық меншікке қабылдау кезеңінде бұрын жұмыс істеп тұрған 20 тұқымбақтың 9 ғана талапқа сай жағдайға келтірілді. 2003 жылы 47 гектар алқапқа, 2004 жылы 32 гектарға, ал 2005 жылы 220 гектар алқапқа орман дақылдарын отырғызу жүргізілді.

Шығыс өңірінің ауданында жалпы көлемі 289,5 гектар төрт мемлекеттік қорық бар. Құлынжүн мен Тарбағатай қорықшалары; Нижный Тургусун және “Қаратал құмдары” мемлекеттік ботаникалық қорықшалары, олардың күзетіне ақшалай қаражат бөлінбейді және орман күзетінің штаттық саны бекітілмеген.

Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің орман күзетінің қызметкерлері 2005 жылдың үш тоқсанында құқық бұзушылардан браконьерліктің 981 құралын алды, соның ішінде 116 бірлік отты қару (олардың 11 ойындылы), 418 тұзақ, арнайы жасалған дұзақ, қақпан, аң аулаудың өздігінен атылатын және басқа да құралдарын құрылған жерлерінен алды, олардың көпшілігі жабайы аңдар мен байқаусызда түсіп қалған адамның өмірі үшін аса қауіпті болып саналатын тыйым салынған құралдар. Браконьерлерден атылып алған жануарлардың 320 тушасы алынды.

Мемлекеттік орман қорының аумағынан ағып өтетін өзендер балықтың бағалы және қызылкітаптың түрлерінің мекен ету ортасы болып табылады, олардың көшу жолдары мен уылдырық шашу орындарында орман күзетінің қызметкерлері құқық бұзушылардан 418 ау мен балық аулау торларын алды және жойды, олардың жалпы ұзындығы 10,5 шақырымнан асып кетті.

Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері жергілікті тұрғындардың арасында табиғат қорғау тақырыптарына арналған түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде өткізіп тұрады. Көрсетілген мерзімнің ішінде олар 49 мақала, заметкаларды газеттер мен журналдарға жариялады, радио мен телевизияда 37 хабар өткізді.

Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің аңшылық мамандары әуесқой аңшылармен жануарлар әлемін қорғау тақырыптары мен сондай-ақ Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің қоршаған ортаны қорғау, жануарлар әлемін пайдалану, аң және балық аулау тәртібін сақтау саласындағы баптарын түсіндіру бойынша 1500 әңгіме өткізді.

Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің қызметкерлері жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су бөгендерін балық шаруашылығын жүргізу мақсатында ұзақ мерзімді пайдалануға бекіту бойынша конкурс жүргізу үшін материалдарды әзірлеуде. Беделді конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес қолданыстағы заңнаманың барлық талаптарын сақтай отырып, ұзақ мерзімді пайдалануға 142 су объектісін тапсыру жоспарлануда, олардың арасында бұрынғы совхоздар мен колхоздардың су тоғандары мен өнеркәсіптік балық шаруашылығы үшін жарамды көлдердің бөлігі бар. Қазіргі кезде бұл объектілердегі гидротехникалық ғимараттардың техникалық жағдайлары мәз емес, кей кездерде жақын маңдағы елді мекендер үшін төтенше қауіп жағдайын тудыруда. Жағалаулардың да санитарлық жағдайы нашар. Тендерді өткізгеннен кейін объектілердің техникалық және санитарлық жағдайы үшін жауапкершілік табиғатты пайдаланушыларға жүктеледі. Тапсырылатын су бөгендерінде мелиорацияның іс-шаралар циклін толық жүргізген кезде жылына 1500 тоннадан артық балық өнімін (бірінші кезекте тірі балық) алу мүмкіндігі болады, бұл облыстың тұтас алғанда балық шаруашылығы саласына тиісті үлесін қосады.

Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен жедел отрядтың ашқан құқық бұзушылықтарының жиынтығы мен динамикасы жасалды.

Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті мен аумақтық ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесе отырып Шығыс Қазақстанның аумағына көршілес мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының басқа облыстарынан құс тұмауының таралуына жол бермеу және профилактикасы бойынша біршама жұмыс жүргізілді. Департаменттің жедел отряды мен ветеринарлық инспекторлардан жұмылдырылған 13топ құрылып, суда жүзетін жабайы құстардың ұшу және ұя салу орындарын бақылауға алда. Аудандық ветеринарлық қызмет, ішкі істер бөлімі, Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік басқарманың балық инспекторларының тікелей қатысуымен және бірлесіп жұмыс істеуінің арқасында осы уақытқа дейін қауіпті вирус инфекциясының таралуына жол берілген жоқ.

Орман күзеті қызметкерлері біршама көлемдегі биотехникалық іс-шараларды жүргізді. 9 ай есебінің мәліметтері бойынша аңшылық мамандары мен орман күтуші-қорықшылар мемлекеттік орман қорының аумағында 863 қаңғыбас итті, 69 қасқыр мен қорқау қасқырды атты. Орманда өмір сүретін және суда жүзетін құстардың ұя салатын орындарынан 1914 сұр қарға атылды. Алқаптардағы ескі аншлагтар жаңартылды және жөнделді, жануарлар әлемін қорғау мәселелері бойынша 100-ден артық жаңа аншлаг орнатылды. 58 табиғи тұз салатын науалар жаңартылды, оларға 3920 килограмм тұз салынды.

Көрсетілген мерзімнің ішінде жабайы жануарлардың қысқы маршрутының есебі, мемлекеттік орман қорының аумағында ормандық және суда жүзетін құстардың көктемгі және жазғы санағы, аюдың, суырдың, борсықтың және басқа да жануарларың аңшылық түрлерінің көктемгі-жазғы санағы жүргізілді. Мекен ету алаңының барлығына бөлумен жабайы жануарлардың саны есептелді және популяция тығыздығына есептеу жүргізілді. Динамиканы жасаған кезде тиін, ақ қоян, сібір елігі, түлкі, бұлан, американдық күзен, саршұнақ пен құрдың санының бірден өзгергені анықталды. Тиін, ақ қоян, сондай-ақ құрлардың санының бірден өзгеруі азықтық база мен климаттық жағдайға байланыстығымен түсіндіріледі. 2003-2004 жылдардағы самырсын жаңғағының мол түсімі тиін санының бірден көбеюіне жол берді. 2004-2005 жылдардағы жылы, қарсыз қыс, жыртқыштар (қызыл түлкінің, қасқырдың) тарапынан қысымның азаюы ақ қоян мен құрдың санының көбеюіне мүмкіндік берді. Қары аз қыс орман алқаптарында сібір елігінің азаюына әкеліп соқты. Олар облыстың жайлырақ далалық аудандарына коныс аударды. Бұланның Ресей Федерациясы жағынан мемлекеттік орман қорының аумағына көшуі осы себептерге байланысты.

Табиғат қорғау бағдарламалары

және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Басқарманың негізгі міндеті болып табылады:
- жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау және экологиялық талаптардың нормативтері саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны қорғаудың су және басқа да объектілерін мемлекеттік реттеу және ұтымды пайдаланумен қамтамасыз ету,
- қоршаған ортаны қорғау және су шаруашылығы мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске қосуға қатысу.

Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 8:00 – 12:00,
14:00 – 17:00

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

полностьюдалее..