Жаңалықтар

Сауалдама

Сіз орман пайдалануға (саңырауқұлақ, жидек жинауға, шөп шабуға, омарта орналастыруға, мәдени-сауықтыру мақсаттарына және т.б.) арналған рұқсаттама алу – орман билетін ресімдеу рәсімін күрделі деп санайсыз ба?

Мұрағаты

2009 жылдың II тоқсанындағы жұмысы туралы есеп

«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

2009 жылдың 2 тоқсанындағы қызметі туралы есеп

Экологиялық сараптама

2009 жылдың екінші жартысында экологиялық сараптама бөлімінің қарауына 624 құжат түсті, оның ішінде қаралғаны 626 құжат (2008 жылдан қалған екеуін қосумен), соның ішінде: жоба алдындағы материалдар – 347, рұқсат берілген шектегі шығарындылардың жобалары – 84, құрылыс жобалары мен объектілерді қайта жаңарту – 191, рұқсат берілген шектегі қашыртқы жобалары – 4. 2009 жылғы 3 шілдедегі жағдай бойынша қараудағы құжаттардың қалдығы 120 құжатты құрайды.

Қаралған 626 қорытындының 3-не келісім берілген жоқ. Келісім берілмеудің негізгі себебі – жоба алдындағы және жоба құжаттамалардың ресімделуінің және мазмұнының Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 207-ө бұйрығымен бекітілген “Мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізу ережесінің”, 1.02-01-2001 «Кәсіпорындар, үй-жайлар және ғимараттар құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамасының құрамымен оны әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі туралы нұқсауды» бекіту туралы 2002 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес келмеуі; табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұзушылық, қателер мен есептеулердегі дәлсіздіктер.

Экологиялық реттеу

2009 жылдың екінші тоқсанында экологиялық реттеу бөлімі қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға рұқсат алуға арналған 238 өтінішті қарады, оның ішінде 219-на рұқсат берілді, 19 құжат рұқсат алуға арналған материалдарының толық және дұрыс болмауы салдарынан шеттетілді.

Есепті кезеңнің бірінші тоқсанында бөлім қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялар үшін ағымдағы төлем сомаларының 5000-ға жуық есеп айырысу төлемін растады.

2009 жылғы 7 мамырда бөлім қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялар үшін ағымдағы төлем сомаларын растау бойынша аудандық деңгейдегі мамандар үшін оқыту семинарын өткізді.

2009 жылғы 25 маусымда Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаменті маманының қатысуымен 2009 жылдың 1 тоқсанында қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялар үшін ағымдағы төлем сомаларын растаудың қорытындысы бойынша семинар өткізілді.

Су ресурстары

Облыстың су объектілеріндегі су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 9 қаулысын шығару үшін материалдар дайындалды.

Табиғат қорғау мақсатында су босатуды жүргізу жөніндегі комиссияның жұмысына және су қоймасының Ертіс каскадындағы су ресурстарын пайдалану жөніндегі ведомствоаралық тұрақты комиссияның жұмысына қатысылды.

Жаңа әдістеме бойынша 2010 жылға арналған жер үсті су көздерінің су ресурстары пайдаланғаны үшін алдын ала төлем ставкалары бойынша жұмыс жүргізілді.

Су ресурстары бойынша грантқа байланысты емес өтінімдер әзірленді.

Баяндама жасалды және «Өнеркәсіп қаласындағы қоршаған ортаның проблемалары мен құқықтық қорғау» дөңгелек үстелдің жұмысына қатысылды.

«Бұқтырма су қоймасының су қорғау аймағы және белдеуін жобалау» мәселелері бойынша жұмыс мәжілісі әзірленді және өткізілді.

Ертіс өзенінің суының төмендеуі және өңірдің сумен қамтамасыз етілуін арттыру мәселелері бойынша жұмыстар жүргізілді.

Табиғат қорғау іс-шаралары

Екінші тоқсанда 6 шарт жасалды және табиғат қорғау іс-шараларын орындау бойынша жұмыстар басталды, олардың ішінде: атмосфера ауасын қорғау – 2; жер ресурстарын қорғау және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын пайдаға жарату – 1; радиациялық қауіпсіздік – 1; су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану – 1; Бұқтырма су қоймасының су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу бойынша жоба әзірленді.

«Шығыс Қазақстан облысының 2008-2010 жылдарға арналған қоршаған ортасын қорғау» және «2007-2009 жылдарға арналған тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару» өңірлік бағдарламаларына талдау жасалды және орындалуына баға берілді.

Экология мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің құрамын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 8:00 – 12:00,
14:00 – 17:00

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

полностьюдалее..