Жаңалықтар
Сауалдама
Сіз орман пайдалануға (саңырауқұлақ, жидек жинауға, шөп шабуға, омарта орналастыруға, мәдени-сауықтыру мақсаттарына және т.б.) арналған рұқсаттама алу – орман билетін ресімдеу рәсімін күрделі деп санайсыз ба?
2009 жылдың I тоқсанындағы жұмысы туралы есеп
Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының
2009 жылдың І тоқсанындағы жұмысы туралы есеп
Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
Ормандарды өрттен қорғауды жақсарту және шыққан орман және дала өрттерін жедел табу бойынша уақытында шаралар қабылдау мақсатында мынадай іс-шараларды орындады:
1) Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2008 жылғы жұмысының қорытындысы және 2009 жылға арналған міндеттері бойынша мәжіліс өткізу және оған дайындалу бойынша жұмыс жүргізді;
2) облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктерімен бірлескен жедел өрт сөндіру жоспарларын жасау және бекіту бойынша жұмыс жүргізді;
3) ведомстволық қарасты 13 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің өрт қауіптілігі жоғары маусымға дайындықтарына тексеру жүргізді;
4) өртке қарсы қызмет органдарымен Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы орман – дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша бірлесіп жұмыс істеу келісім-шарты жасалды.
Бірінші тоқсанда орманды пайдаланғаны үшін бюджетке 5,6 миллион теңге, соның ішінде сүрек үшін 4,2 миллион теңге түсті.
Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2009 жылдың 3 айында өсімдіктер мен жануарлар және балық шаруашылығын қорғау саласында табиғат қорғау заңнамасын бұзу туралы мәлеметтер бойынша 1021 реид және 276 тексеру жұмыстарын өткізді.
Анықталған бұзушылық 201 (олардың ішінде орман шаруашылығын пайдалану тәртібін бұзу 84, аң аулау тәртібін бұзу – 79, балық аулау мен балық қорын қорғау тәртібін бұзу – 24. Ерекше қорғалатын табиғаттық аймақ – 14 жағдай). Әкімшілік жауапкершілікке тартылған 183 – жеке тұлғалар. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған – 1 адам.
Заң бұзушыларға салынған әкімшілік айыппұлдардың соммасы 722,9 мын тенге (өндірілген айыппұлдар соммасы 878,5 мын тенге). Қойылған талаптар соммасы 190,7 мын тенге (өндірілген талаптар 677,5 мын тенге).
Заң бұзушылардан алынған браконьерлік құралдар саны – 84. Соның ішінде: 28 тегіс оқпанды қару, 13 – аулау құралдары (ау, желі), 43 – басқа браконьерлік құралдар.
2009 жылдың өткен 3 айында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және оған қарайтын мемлекеттік мекемелерде бұқаралық ақпарат құралдарына: газет, журналдарға – 15 рет жариаланған, радио мен теледидардан 1 рет хабар өткізілді.
Экологиялық сараптама
2009 жылдың бірінші тоқсанында экологиялық сараптама бөлімінің қарауына 999 құжат түсті, оның ішінде 913 құжат қаралды (2008 жылдан қалғандарды ескерумен), соның ішінде: жоба алдындағы материалдар –653, рұқсат берілген шектегі шығарындылар нормативтерінің жобалары – 44, объектілердің құрылысы мен қайта жаңарту жобалары - 215. 2009 жылдың 17 сәуіріндегі жағдай бойынша қаралуға қалдырылған құжаттардың саны – 88-ді құрайды.
Қаралған 913 қорытындының 9 келісім берілген жоқ. Келісім бермеудің негізгі себебі: құжаттамалар құрамының сәйкес келмеуі, жоба алдындағы және жобалық құжаттамалардың әзірленуі мен мазмұнының «Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 207-ө бұйрығының, 2002 жылғы 1 наурыздағы 1.02-01-2001 «Кәсіпорындар, үй-жайлар және ғимараттар құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамасының құрамымен оны әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі туралы нұсқау» Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес келмеуі; бақылаушы органдардың келісімінің болмауы; құжаттарды мемлекеттік экологиялық сараптамаға тапсыру рәсімін бұзу, табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұзу; жобаны әзірлеушілердің лицензиясы туралы мәліметтің болмауы; жобаға тапсырыс берушілердің келісімінің болмауы.
Су ресурстары
Су объектілерінің су қорғау аймақтары белдеулерін белгілеу туралы облыс әкімдігінің 8 қаулысының жобасы дайындалды.
Бүкіләлемдік банкінің өкілдерімен «Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру» жобасын іске қосу» семинар-мәжіліс өткізілді.
Табиғат қорғау іс-шаралары
Бірінші тоқсанда 25 шарт жасалды және табиғат қорғау іс-шараларын орындау бойынша жұмыстар басталды, соның ішінде:
1) қоршаған ортанының сапасын басқару жүйесін оңтайландыру - 1;
2) атмосфера ауасын қорғау – 1;
3) жер ресурстарын қорғау және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын пайдаға жарату – 3;
4) биоресурстарды қорғау және молықтыру – 4;
5) тұрғындардың арасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ағарту жұмысының іс-шаралар жоспарын іске асыру – 16.
Экологиялық реттеу
2009 жылдың бірінші тоқсанында экологиялық реттеу бөлімінің қарауына қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияға рұқсат алуға 196 өтінім түсті, соның ішінде бүгінгі күні 95 % қаралды және беруге дайын.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес (2009 жылғы 11 ақпан № 25-676) облыстың 18 ауданы мен қаласында экологиялық сараптама бөлімінің мамандары «арнайы табиғат пайдалануды» жүзеге асырушы мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындардың, шаруа қожалықтарының басшыларымен, жеке кәсіпкерлермен қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияға рұқсат беру мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
2009 жылғы 31 наурызда бөлімде аудандық деңгейдегі мамандармен оқыту семинары өткізілді.
|
|
|
| полностью | далее.. |




