Жаңалықтар
Сауалдама
Сіз орман пайдалануға (саңырауқұлақ, жидек жинауға, шөп шабуға, омарта орналастыруға, мәдени-сауықтыру мақсаттарына және т.б.) арналған рұқсаттама алу – орман билетін ресімдеу рәсімін күрделі деп санайсыз ба?
Ландшафтың қазіргі кезгі құрамы

ұзақ уақыт аралығында қалыптасты, соның нәтижесінде Шығыс Қазақстан аумағын «облыс көлеміне дейін қысылған континент» деп атайды. Шығыс Қазақстанның ландшафты таңданарлықтай алуан түрлі, оны өлкенің даму тарихымен ғана емес, сонымен бірге бұл жерде Батыс Сібір, Орталық және Орта Азияның біріккендігімен түсіндіруге болады. «Облыс көлеміне дейін қысылған континент» нағыз «солтүстік» құмы ән салған шөлде, сортаң шөлейтті ландшафта, дәнді-түрлішөпті және селеулі далада болуға, таулы-тайгалы белдеудің ормандарын және қарағайлы ормандардан өтуге, тамаша жайқалған биік таулы субальпілік және альпілік шалғындарда болуға, содан кейін тау тундраларының белдеуінде және ең соңында мәңгі қар мен мұздықтарға көтерілуге мүмкіндік береді. Облыс аймағында ландшафтың жазықтық класының 3 подкласы, 3 типі және 20 түрі және ландшафтың таулық класының 7 биіктік-аймақтық геожүйесі, 19 геокешені, 37 түрі ерекшеленеді.
|
|
|
| полностью | далее.. |




