Жаңалықтар

Сауалдама

Сіз орман пайдалануға (саңырауқұлақ, жидек жинауға, шөп шабуға, омарта орналастыруға, мәдени-сауықтыру мақсаттарына және т.б.) арналған рұқсаттама алу – орман билетін ресімдеу рәсімін күрделі деп санайсыз ба?

Мұрағаты

Ормандарды қалпына келтіру

Облыстың аумағында қараңғы қылқан жапырақты (самырсын, шыршалы орман, майқарағай), ашық қылқан жапырақты (қарағай, балқарағай) және жапырақты (қайың, көктерек, терек, тал) ормандар, сондай-ақ бұталар өседі, олар экономикада маңызды роль атқарады, сондай-ақ табиғат қорғау және климатты жақсартатын, су режимін реттейтін, топырақты су және жел эрозиясынан сақтауға әсер ететін ортаны қалыптастыратын көп түрлі функцияларды атқарады.

Мемлекеттік орман қорының жерлерінде орман дақылдары жұмыстарын жүргізу мақсатында екпе материалдарды өсірумен, сондай-ақ облыстың елді мекендері мен қалаларын көгалдандырумен орман шаруашылығының он үш мемлекеттік мекемесі айналысады.


Орман шаруашылығы Риддер мемлекеттік мекемесінің тұқымбағы

Екпе материалдары облыстың 12 орман тұқымбағында өсіріледі, негізінен бұл сібір қарағайы, сібір шыршасы, сібір балқарағайы, майқарағай, сібір самырсыны, салпыншақ қайың, жөке, емен.

2007 жылы орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде түрлі ағаш түрлерінің 3,5 миллион дана бір жылдық көшеттері өсірілді, оның ішінде қылқан жапырақты түрлер – 2,8 миллион дана.
Болашақта өсіру көлемін біршама ұлғайту көзделуде.


Орман шаруашылығы Верх-Уба мемлекеттік мекемесінің тұқымбағы


Орман шаруашылығы Черемшанка мемлекеттік мекемесінің тұқымбағы

Шығыс Қазақстан облысында орман дақылдары 138,8 мың гектар жерге отырығызылды (тұқым себуден немесе сүрек және бұта түрлерін егуден құрылған орман учаскелері).

2008 жылы өндірілген орман дақылдарының түрдік құрамында қарағай 2047,0 гектарға, шырша 184,0 гектарға, балқарағай 20,0 гектарға, самырсын 40,0 гектарға, қайың 63 гектарға, тал 6,0 гектарға басым. 2008 жылы игерілген орман дақылы қорының біршама бөлігін өртенген жерлер, алаңқай жерлер мен ағашы шабылған жерлер құрайды.



Шығыс Қазақстан облысының 1997-2008 жылдардағы мемлекеттік орман қорының аумағындағы орман дақылдарын отырғызудың динамикасы

Орман дақылдарының оң қасиеті ондаған жылдар өткеннен кейін байқалады, алғашқы жылдары өсімдік жаңа ортаға бейімделіп, қазған кезде зақымдалған тамыр жүйесін қалпына келтіреді, бұл орайда өсімдіктердің кейбір бөлігі бейімделмейді.

Өңірдің климаты тез ауысатын континентальды болуына және ауа температурасының жылдам ауысуына байланысты орман дақылдарының орта бейімділігі төмен болуы мүмкін, мысалы кәдімгі қарағайдың орташа бейімділігі 70 %-ды құрайды.

Статистикалық деректерге сәйкес 1974-1975, 1997 жылдардағы құрғақшылық кезеңдерінде қолайсыз климаттық жағдай қалыптасып орман дақылдарының бейімділігі мейлінше төмен болып 55 %-ды құрады.

Көгалдандыру мақсатында көшеттерді өсіру үшін орман тұқымбақтарында тәлімгерлік бөлімшелердің іргетастары қаланады. Ағаштардың көшеттері тағайындалуына, топырақты – климаттық жағдайларға, бойының өсуіне байланысты 2 жылдан 10 жылға дейін өсіріледі. Бүгінгі күні орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде 180,0 мың дана көшет өсірілуде.

Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 8-бабына сәйкес жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға қаражаттарының есебінен жекеменшікке немесе ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген жерлерде құралатын жасыл желекке жеке орман қоры деген анықтама берілген.

Орман кодексіне сәйкес (112-бап) мемлекеттік мекемелер орманды пайдаланушыларға екпе материалдарын өсіру, орман дақылдарын отырғызу бойынша ақылы қызмет көрсетуге, орман шаруашылығы саласында консультациялық және техникалық көмек беруге құқығы бар.

Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 8:00 – 12:00,
14:00 – 17:00

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

полностьюдалее..