Жаңалықтар
Сауалдама
Сіз орман пайдалануға (саңырауқұлақ, жидек жинауға, шөп шабуға, омарта орналастыруға, мәдени-сауықтыру мақсаттарына және т.б.) арналған рұқсаттама алу – орман билетін ресімдеу рәсімін күрделі деп санайсыз ба?
Жер қорларының ахуалы
ШҚО жер қатынастары Басқармасының мәліметтері бойынша Шығыс Қазақстан облысының 2008 жылдың 1 қарашасында аумағы 28322,6 мың га құрады. Табиғи аймақтарға сәйкес облыс аумағында келесі топырақ түрлерін белгілесе болады: мұздықтар, тундралық, альпілік және субальпілік, тайгалық, орманды сұр және ашық-сұр, орманшалғында далалы, таулы-далалы, таулы күлденген қара топырақты және сілтіленген, кәдімгі қара топырақ, күңгірт каштан, ашық каштан, құба. Ауыл шаруашылық жерлері топырақтың құнарлылығын анықтау белгілері бойынша, ШҚО жер қатынастары басқармасының мәліметтері бойынша былай сипатталады:

Теріс белгілермен қиындатылмағанның барлығы - 3573,6 мың га, соның ішінде: анық жарамды 1478,6 мың га., бедерінің жағдайы бойынша пайдалануы қиын 959,9 мың га., суару үшін судың болмауы - 1135,1 мың га.; Ұсақ тастының барлығы - 12094,1 мың га. Соның ішінде - аз - 2002,1 мың га., орташа - 2349,1 мың га, көп - 1098,1 мың га, өте көп - 6644,8 мың га.; Тұздының барлығы - 1573,9 мың га, соның ішінде әлсіз - 239,9 мың га, орташа - 192,8 мың га, күшті - 997,3 мың га, сор топырақты - 143,9 мың га.; Сортаңның барлығы - 3573,7 мың га., соныі ішінде - әлсіз - 1720,3 мың га, орташа - 995,7 мың га, күшті - 857,7 мың га.; Шайылғынның барлығы - 424,9 мың га., соның ішінде әлсіз - 390,5 мың га, орташа - 24,3 мың га, қатты - 10,1 мың га.; Дефлирланғанның барлығы - 856,9 мың га., соның ішінде - әлсіз - 355,3 мың га, орташа - 115,3 мың га, күшті - 386,3 мың га.; Су және жел эрозиясына қоса шалдығатын 1,4 мың га.; Аса ылғалдының барлығы - 251,7 мың га, соның ішінде - алқапты - 105,4 мың га, алқапты есем - 146,3 мың га.; Батпақтының барлығы - 121,9 мың га, соның ішінде - әлсіз - 15,3 мың га., орташа - 89,5 мың га, күшті - 17,1 мың га.; 10. Басқалары - 208,2 мың га. Басқалары - 208,2 мың га.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер. Шығыс Қазақстан облысының жер қорының құрылымында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер 8672,6 мың га құрайды. 2007 жылмен салыстырғанда осы санаттың жері жаңа шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылық құрылымдарын ұйымдастырудың және бар шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылық құрылымдарына қосымша жер беру есебінен 938,8 мың га ұлғайды.Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құрамында ауыл шаруашылық алқаптары 8517,9 мың га (98,2 %) құрайды, оның ішінде егістіктер 1173,4 мың га (13,5 %), көп жылдық екпелер 2,2 мың га (0,03 %), тыңайған жер 284,8 мың га (3,3 %), шабындық 414,3 мың га (4,8 %), жайылым 6642,7 мың га (76,6 %).Шаруа (фермер) қожалықтарының саны 17969 құрайды, олар 6874,9 мың га көлемді алып жатыр. 2007 жылмен салыстырғанда шаруа (фермер) қожалықтары 286 азайды, ірілендіру есебінен жерлердің ауданы 772,7 мың га ұлғайды.Мемлекеттік емес ауыл шаруашылықтық заңды тұлғалардың саны 1623 мың га көлемде 485 құрайды, оның ішінде шаруашылық серіктестер мен акционерлік қоғамдардың жерлері 1345,3 мың га, ауыл шаруашылықтық өндірістік кооперативтердің жерлері 196,9 мың га, басқа да мемлекеттік емес кәсіпорындардың жерлері 80,8 мың га. 2007 жылмен салыстырғанда аталған мемлекеттік емес агроқұрылымдардың жерлері жалпы алғанда 193,5 мың га көлемде 16-ға көбейген. Мемлекеттік ауыл шаруашылықтық заңды тұлғалардың саны 168,1 мың га көлемде 150 құрайды. 2007 жылмен салыстырғанда мемлекеттік агроқұрылымдар жалпы алғанда 26-ға көбейді, аудандары 27,5 мың га кеміді.
Елді мекендердің жерлері. Елді мекендер жерлерінің көлемі 2918,0 мың га немесе облыстың барлық жер қорының 10,3 % құрайды. 2008 жылы елді мекендердің саны 21-ге азайды, осы санаттың жерлері 14,2 мың га ұлғайды.Елді мекендер жерлерінің құрамында қалалар мен кенттер 171,9 мың га (5,9 %), ал, ауылдық елді мекендер - 2749,1 мың га (94,1%) алады.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердің көлемі 184,5 мың га, облыстың жалпы көлемінің 0,7 %-ын құрайды, оның ішінде:- өнеркәсіп кәсіпорындарының жерлері - 42,9 мың га (23,3 %);- автомобиль көлігінің жерлері - 33,5 мың га (18,1 %);- теміржол көлігінің жерлері - 14,0 мың га (7,6 %);- байланыс жерлері - 1,3 мың га (0,7 %);- басқа да ауыл шаруашылықтық емес кәсіпорындар - 92,8 мың га (50,3 %).2007 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп кәсіпорындарына қосымша жерлерді бергеннен осы санаттың жерлерінің 11,2 мың га ұлғаюы байқалады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері. Осы санаттың жерлерінің көлемі 2007 жылы өзгерді және және 1504,1 мың га (5,3 %) құрайды, оның ішінде емдеу - сауықтыру мақсатындағы 0,5 мың га, қорықтар, ұлттық саябақтар, дендрологиялық және зоологиялық саябақтар, ботаникалық бақтар - 839,1 мың га.57,7 мың гектарға ұлғаю болды, оның ішінде Марқакөл қорығына қосымша 27,9 мың га көлемде жер беру және Батыс -Алтай қорығына 30,1 мың га жер беру есебінен болды, сондай-ақ «Семей Орманы» ОМТР көлемін нақтылау есебінен 0,3 мың га азайды.
Орман қорының жері. Есептік жылы орман қорының жалпы көлемі 2140,9 мың га (7,6 %) құрады. Жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға ауыстыру есебінен 46,4 мың га кеміді.
Су қорының жері 2008 жылдың 1 қарашасында 572,0 мың га (2,0 %) құрады. Су қоры жерлерінің көлемі есептік жылы өзгермеді.
Босалқы жер 12354,7 мың га құрайды (43,6 %), 2007 жылмен салыстырғанда басқа жерлер санатына ауыстыру есебінен 975,5 мың га кеміді.
Ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымы. Ауыл шаруашылық алқаптарының жалпы көлемі 2008 жылдың 1 қарашасында 22661,6 мың га немесе жерлердің жалпы көлемінен 79,9 % -ды құрады.Ауыл шаруашылық алқаптарының құрылымында егістіктің меншікті салмақ үлесі -1197,3 мың га (ауыл шаруашылық алқаптарының жалпы көлемінен 5,2 %), көп жылдық екпелердің меншікті салмақ үлесі -5,8 мың га (0,03 %), тыңайған жердің меншікті салмақ үлесі - 429,2 мың га (1,9 %), шабындықтардың меншікті салмақ үлесі - 1056,7 мың га (4,7 %), жайылымдардың меншікті салмақ үлесі - 19962,4 мың га (88,1 %) құрайды.2007 жылдың 1 қараша жағдайында суарылатын жерлердің көлемі 205,2 мың га құрайды, оның ішінде суарылатын егістіктің көлемі 61,2 мың га. Есептік жылы суарылатын жерлерді суарылмайтын алқаптарға ауыстыру есебінен, оның ішінде 0,3 гектарды қолдан суарылмайтын егістікке, 13,6 гектарды жайылымға ауыстырғаннан суарылатын жерлердің көлемі 13,9 мың га азайды.Есепке алудың мәліметтері бойынша облыста 5,8 мың га көп жылдық екпелер, оның ішінде 4,7 мың га бақтар, 0,1 мың га жүзімдіктер бар.Шабындықтардың көлемі 1056,8 мың га (ауыл шаруашылық алқаптарының жалпы көлемінен 4,7 %), оның ішінде жақсартылған - 0,4 мың га, жайылмалы - 71,6 мың га құрайды.Облыста жайылымның жалпы ауданы 19948,7 мың га, оның ішінде жақсартылған 1,0 мың га, шалғайдағы мал шаруашылығы үшін - 758,3 мың га, суландырылған - 11644,3 мың га құрайды.
|
|
|
| полностью | далее.. |




