Жаңалықтар
Сауалдама
Сіз орман пайдалануға (саңырауқұлақ, жидек жинауға, шөп шабуға, омарта орналастыруға, мәдени-сауықтыру мақсаттарына және т.б.) арналған рұқсаттама алу – орман билетін ресімдеу рәсімін күрделі деп санайсыз ба?
Экологиялық сараптама
2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 тамызына дейін экологиялық сараптама бөлімінің қарауына 3153 құжат түсті, олардың 2815 қаралды, соның ішінде жоба алдындағысы – 2162, рұқсат берілген шегіндегі шығарындылардың нормативтерінің жобалары – 138, құрылыс және қайта өңдеу объектілері – 515.
Қаралған 2815 қорытындының 805-не келісім берілген жоқ. Келісім берілмеудің негізгі себебі: Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 207-п бұйрығымен бекітілген “Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережесінің”, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 1 наурыздағы «ҚР-ның ҚНмЕ А.2.2-1-2001 “Кәсіпорындар, үй-жайлар мен ғимараттар құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамасының құрамымен оны әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі туралы нұсқауды” бекіту туралы» құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына жоба алдындағы және жоба құжаттамаларының құрамының, ресімделуі мен мазмұнының сәйкес келмеуі, бақылау жасаушы органдармен келісімдерінің жоқтығы; мемлекеттік экологиялық сараптамаға құжаттарды тапсыру рәсімін бұзу, табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұзу, жобаны әзірлеушілердің лицензиялары туралы мәліметтің жоқтығы, жобаға тапсырыс берушілермен келісімнің жоқтығы.
2008 жылғы 23 шілдеден бастап азаматтардың сапалы мемлекеттік қызмет алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету және әкімшілік кедергілерді жою үшін “Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы” мемлекеттік мекемесі мен “Қазпошта” акционерлік қоғамының арасында жер учаскелеріне мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу шеңберінде жеке тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде өзара құптауға лайық шешімдерді ығару мақсатында тараптардың өзара ынтымақтастығы үшін меморандумға қол қойылды.
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға құжаттарды қабылдау мына мекен-жайлар бойынша жүзеге асырылады: Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 12, 1 қабаттағы кеңсе; Семей қаласы, Момышұлы көшесі, 19 А, № 3 бөлме, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін; түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.00-ге дейін. Азаматтарды қабылдау және құжаттарды беру – сейсенбі және жұма сағат 9.00-ден бастап 16.00-ге дейін, сондай-ақ “Қазпошта” акционерлік қоғамының бөлімшелерінде.
|
|
|
| полностью | далее.. |




