Жаңалықтар

Сауалдама

Сіз орман пайдалануға (саңырауқұлақ, жидек жинауға, шөп шабуға, омарта орналастыруға, мәдени-сауықтыру мақсаттарына және т.б.) арналған рұқсаттама алу – орман билетін ресімдеу рәсімін күрделі деп санайсыз ба?

Мұрағаты

Всемирный день окружающей среды

 

 

«Экология - Мемлекет – Бизнес – ҮЕҰБАҚ» әріптестік жобасы


Шығыс Қазақстанда 1997 жылдан бастап «5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне» байланысты мемлекеттік органдарының қолдауымен іс-шаралар аясында мұғалімдер, тәрбиешілер, мектеп жасына дейінгі және мектеп оқушылары, студенттер және Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары үшін экологиялық бағыттағы іс-шаралар жүргізіледі.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты: экологиялық білімдер деңгейін арттыру, ШҚО тұрғындарының экологиялық мәдениетін және экологиялық ойлауын дамыту арқылы қоғамдағы әлеуметтік шиеленесуді төмендету.

Осы  іс-шаралардың өзектілігі мен қажеттілігі бағдарламаға қатысушылардың, тәрбиешілер мен педагогтардың пікірлерінде құпталған.  Шығыс Қазақстанның барлық өңірлерінде эколгиялық акцияларға қатысушылармен отырғызылған мыңдаған ағаштар, оқушылар мен студенттермен өзендердің жағалауын, бұлақтар мен қоғамдық аумақтарды жыл сайын тазартуы экологиялық бағдарламаның іс жүзіндегі

нәтижесі болуда.  Өскемен қаласында балабақша – мектеп-лицейлер-колледждер-жоғары оқу орындары сияқты тәжірибе мен экологиялық білімдерді таратуда өзара әрекеттесу және сабақтасу жүйесі құрылған. ШҚО жастары мен тұрғындарын облыс өңірлерінің қоршаған ортасын сауықтыру үдерісіне тарту осы бағдарламаның негізгі мақсаты.

Жергілікті  қауымдастық алдында  қоршаған ортасын сауықтыру саласындағы біріккен қызмет аясында

қарым-қатынастың, бизнес өкілдерінің қатысуымен жастар мен тұрғындардың экологиялық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамытудың жаңа деңгейіне көшу сияқты жаңа міндет тұруда. «Экофестиваль – 2010» экологиялық ағарту және тәрбие бағдарламасын бірігіп өткізу ұсынысына ШҚО-ның мемлекеттік ұйымдары, өнеркәсіптік кәсіпорындары, ҮЕҰ және БАҚ үн қосты:

ШҚО бойынша Ертіс экология департаменті,  ШҚО ішкі саясат басқармасы, ШҚО білім басқармасы, «Казцинк» ЖШС, «Секисовское» ТКК, «ҮМЗ» АҚ, Қазақстандағы АЕS компаниясының тобы, Өскемен конденсатор зауыты,  «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Кругозор» мәдениет және туризмның жастар орталығы, ШҚО Азаматтық  Альянсы,

«Экология-Жастар-Бастама-Даму» Қоғамдық Қоры, ШҚО БАҚ ақпараттық қолдау көрсетуде.

Әдістемелік кеңесте және экологиялық  активтың кездесуінде «Экофестиваль - 2010» аясында ШҚО-ның жұмыс істейтін жастары мен тұрғындарының қатысуымен балалар, оқушылар, студенттер үшін Бағдарлама және Экологиялық іс-шараларды жүргізу жоспары талқыланып қабылданды. Бағдарламаларға өнеркәсіптік

кәсіпорындар демеушілік жағдайларында қаржылық қолдау көрсетсе, мемлекеттік органдарының өкілдері қоғамдық ұйымдарының қатысуымен әкімшілік көмек білдіреді.

 

 

Бағдарламалардың үйлестірушісі - «Орыс мәдениет орталығы» ЭК ҚҚ филиалы - «Кругозор» мәдениет және туризм жастар орталығы. Байланыс телефондары: 8(7232)24-31-95, 87773183033, Директоры - Нетунаева Татьяна Георгиевна.

Таза қоршаған ортада өмір сүруге талпынған баршаны, «Таза қоршаған орта болса – Аман-сау боламын менде» мақсатына жету үшін жағдайларды құрудағы әрқайсымыздың үлесіміз маңызды екенін ұққан адамдарды ынтымақтастыққа шақырамыз.

 

 

 

 

 

ЭКОЛОГИЯ-МЕМЛЕКЕТ-БИЗНЕС-ҮЕҰ-БАҚ

 

Шығыс Қазақстан облысында бір қатар бойы экологиялық білім беру мен ағартушылыққа бағытталған

жастар бағдарламасын жүргізу жақсы дәстүрге айналды.

Жастар мен тұрғындардың экологиялық білім беру саласында мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының белсенді тырысуына қарамастан тұрғындардың экологиялық мәдениетінің деңгейі әлі

жоғары емес. Тұрғындардың көптеген бөлігі экологиялық ережелері бұзуда – олар аула аумақтарындағы, өзен жағаларындағы заңсыз қоқыс төгулер, тұрғын үйлер мен имараттардың көгал алаңдары мен балалар алаңқайында автокөлікті өз бетімен тұраққа қою.

 

 

Азаматтар кәсіпорындарды негізгі ластаушылар деп санап, біздің әрқайсымыз, қазір қоршаған ортаның ластануына табиғи ресурстардың ірі пайдаланушыларымен қатар, жауапкершілік артамыз деп ойланбайды. Айырмашылық Ірі кәсіпорындар экологиялық стандарттарды бұзған жағдайда, үлкен айыппұлдар төлесе,

ал экологиялық нрмаларды бұзған тұрғындар әлі де боса жауапқа тартылмай жатқанында болып отыр. Осыған қарамастан, біз деніміздің саулығын қалап, таза ауа жұтып, мөлдір таза су ішкіміз келеді. Бірақ, әр адамның бақыты, денсаулығы өз  қолында екені мәлім ғой. Заманауи буынның көптеген өкілдері осыны толығымен түсініп, «табиғатқа зиян келтірмесең - өзіне де зиян әкемейсің, жинағандықтан таза болмайды, шашбасаң – таза» - деген ұғыммен өмір сүруде.

Облыс орталығында өткен жылдарда өң өзгерістер болып өтті. Қала көшелері жасыл жапырақтармен көркейді. Саябақтар мен шағын бақтарда, орталық алңқайларда, Ертіс пен Үлбінің жағалауында демалып жүргін көптеген жастар мен балаларды көреміз. Сондықтан, жайғастырылған көгал алаңдарында өзіміз тастайтын тұрмыстық қоқысты көрсек жанымыз ашиды. Бұлай болмау керек!

Мемлекеттік органдарынан, бизнес-құрылымдарынан, ҮЕҰ-нан бастап және облысымыздың әр тұрғынның, барлық қызығушылық танытқан тұлғалардың күштерін біріктіре отырып,  тұрғындардың экологиялық ойлауының дамуындағы жағдайды өзгертуге болады.

Қоғамдық ұйымдар экологиялық білім беру мен ағартушылық бойынша жұмыстарды жүргізудің маңыздылығын түсіне отырып, өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшыларына қоғамшылардың бастамасын қолдап, әріптестік шарттарында Шығыс Қазақстанда экологиялық танымдық іс-шараларды жалғастыру бастамасын  қолдау үшін жүгінді.

2010 жылғы 5 мамырда экологиялық активтің мемлекеттік органдары, бизнес-құрылымдары, ҮЕҰ мен

БАҚ өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Қоғамдықтың бастамасы кеңеске қатысушыларда қолдау тапты.

Кеңеске қатысушылар Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған «Экофестиваль-2010» бағдарламасының «ЭКОЛОГИЯ-МЕМЛЕКЕТ-БИЗНЕС-ҮЕҰ-БАҚ» біріккен жобаның іс-шаралар жобасын талқылады.

Бағдарламалар аясында мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері мен әдіскерлері үшін «Экологиялық тәуекелділіктің мониторингісі» атты семинар және тәрбиешілер үшін сайыс өткізілді.

«Экобілгір» деген келесі сайыс  Жамбыл атындағы саябақта 21 мамырда сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін өткізіледі.

2010 жылғы 14 мамырда студент және жұмыс істейтін жастардың, мемлекеттік органдары, бизнес-құрылымдары, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «ШҚО жастар экологиялық қозғалысы көшбасшыларының форумы» ашылды.

Форумда қоршаған ортаны сауықтыру аясында жастардың қатысуымен азаматтық қоғамды белсендіру тақырыбы талқыланып, іс-шаралар жоспары және жобадағы әріптестердің қатысу түрлері қарастырылды.

Форумға қатысушылар Өскемен ГЭС-не барып, Комсомол арылығындағы жаңа саябақта ағаш отырғызып, Шығыс Қазақстан өңірінің қоршаған орта ахуалы және экологиялық заңнама негіздері жөнінде ақпарат

алды. Форум жұмысына «Казцинк» ЖШС, «ҮМЗ» АҚ кәсіпорындары жастар ұйымдарының өкілдері

белсенді қатысып, Достық ағашын отырғызды.

 

 

5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне аз уақыт қалды, ал алда барлық қызығушылық танытқандар үшін келесі іс-шараларды ұсынамыз:

 

  • Тілшілердің экологиялық сайысы;
  • Экологиялық КВН;
  • ШҚО оқушыларының  экологиялық сайысы;
  • ШҚО оқушылары жас экологтарының слеты және «Құтқарушы» экологиялық-туристтік ойыны;
  • «Билетик» жастар экологиялық акциясы.

 

Мерекелік іс-шаралардың қорытындылары Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай шығарылатын болады. «МЕСТО»  ҮМЗ МҮ ғимаратында мерекелік бағдарламада экологиялық қозғалыстың жеңіпмаздары мен белсенділері марапатталып, қоршаған ортаны қорғау саласында ары қарай басымдылықтар

анықталатын болады.

Жобаның келесі әріптестеріне айрықша алғысымызды білдіреміз:

  • «Казцинк» ЖШС-не;
  • «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-на;
  • Қазақстандағы «АЕS»-тің  энергетикалық компанияларының тобына;
  • «Секисовское» ТБК-на;
  • «Өскемен конденсатор зауыты» АҚ-на;
  • «Өскемен титан - магний комбинаты» АҚ-на.

ШҚО бойынша Ертіс экология департаменті,  ШҚО ішкі саясат басқармасы, ШҚО білім басқармасының қолдауымен  «Кругозор» мәдениет және туризмның жастар орталығы, «Экология-Жастар-Бастама-Даму» Қоғамдық Қоры, ШҚО Азаматтық  Альянс біздің қоғамыздың игілігі үшін қызмет етуін жалғастыруда. Жоба іс-шараларын жүргізуіне көмек беруге, «Экофестиваль – 2010» бағдарламасының іс-шараларына қатысуға немесе сайыстық бағдарламаға қатысушыларды марапаттауға қызығушылық танытқан баршаны Бағдарлама үйлестірушісіне жүгінуін сұраймыз:

 

«Кругозор» мәдениет және туризмның жастар орталығы – «ШҚ орыс мәдениет орталығы»

ЭК ҚҚ-ның филиалы, Өскемен қ, Қазақстан к-сі (Ушанов к-сі) 63, 7-бөлме,т./ф 24-31-95, 87773183033

 

 

 

«Экология – Мемлекет – Бизнес – ҮЕҰ– БАҚ» әріптестік жоба аясында

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған

«Экологиялық фестиваль - 2010»  іс-шараларының жоспары

 

р/б

Іс-шаралардың атауы

Өткізу мерзімдері

мен орны

1.

2 күндік көшпелі семинар – практикуммен «Вожатый экологиялық активінің мектебі» бағдарламасы бойынша  лагерьлердің 20 вожатыйды дайындау

 

 

Сәуір – маусым

2010 ж.

ШҚО ХДҮ

2.

Мектепке дейінгі балалары мен тәрбиешілері үшін «Экобілгір» экологиялық білімдердің бағдарламасы: Бағдарламаға қатысушылардың әдістемелік кеңесі

«Казцинк» ЖШС-не экскурсияға барумен  «Экологиялық тәуекелділік мониторингісі» атты семинар – практикум;

Тәрбиешілер мен әдіскелердің мектепке дейінгі балалар және ата-наларының қатысуымен үздік әдістемелік әзірлемеге сайысы;

19 сәуір 2010 ж.

27 сәуір 2010 ж.

2010 ж. 20 сәуір

15 мамыр

аралығында

ШҚО ХДҮ, №100 б/б,

ШҚО бойынша

Ертіс экология департаменті

3.

«Таза қоршаған орта болса – аман-сау боламын менде» жастар экологиялық акциясы

Экологиялық активтің кездесуі

Тілшілер сайысы

Жас оқытушылардың, жоғары сынып оқушыларының, студенттердің және өнеркәсіптік кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен облыстық «ШҚО жастар экологиялық қозғалысының көшбасшылар форумы»

 

 

«Экобілгір» мектепке дейінгі баларлардың сайсы

5-6 мамыр 2010 ж.

5 мамыр 2010 ж.

5 мамыр – 5 маусым

2010 ж.

14 мамыр 2010 ж.

ШҚО ХДҮ,

Комсомол аралы,

«Политехникалық колледжі»,

Жамбыл атындағы

саябақ,

21 мамыр 2010 ж.

4.

Мектеп және студент жастарының қатысуымен «Автомобильдер, автомобильдер …» атты экологиялық КВН

ШҚО ХДҮ

29 мамыр 2010ж.

5.

Жұмыс істейтін және студент жастарының қатысуымен «Құтқарушы»  экологиялық-туристтік ойыны

4 маусым 2010ж.

6.

ШҚО оқушыларының экологиялық сайысы

 

«ШҚО жас экологтарының слеты»

5 маямыр -5 маусым

2010 ж.

4-5 маусым 2010ж.

7.

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған мемлекеттік органдары, бизнес, ҮЕҰ, БАҚ, жұмыс істейтін және студент жастарының өкілдері үшін шығармашылық есеппен «Экофестиваль - 2010» бағдарламасының тұсаукесері

 

4 маусым 2010ж.

«МЕСТО» ҮМЗ МҮ

 

8.

«Вожатый активінің мектебі» лагерьлер вожатыйлары үшін көшпелі семинар–практикум

7-8 маусым 2010 ж.

Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 8:00 – 12:00,
14:00 – 17:00

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

полностьюдалее..