Жаңалықтар

Сауалдама

Сіз орман пайдалануға (саңырауқұлақ, жидек жинауға, шөп шабуға, омарта орналастыруға, мәдени-сауықтыру мақсаттарына және т.б.) арналған рұқсаттама алу – орман билетін ресімдеу рәсімін күрделі деп санайсыз ба?

Мұрағаты

Қоршаған ортаны қорғау күні

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассемблеясының 2994 (ХХҮІІ) қарарында 5 маусым Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні деп жариялаған. 5 маусым күні Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша конференция басталғандықтан осы күн таңдалды (Стокгольм), осыдан кейін БҰҰ қоршаған орта бойынша – ЮНЕП бағдарламасы құрылды.

Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні – экологиялық күнтізбедегі маңызды оқиғалардың бірі, ол 5 маусым күні әлемінің жүзден астам елінде аталып өтіледі. Осы оқиғаны атап өту ЮНЕП-тің қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасына тапсырылған. Жыл сайын сайланатын ел осындай маңызды шараны өткізу үшін басты және жауапты болып табылады.

2000 жылы осы күні ЮНЕСКО-ның қолдауымен “Қоршаған ортаның мыңжылдығы, іске кірісу” БҰҰ бағдарламасы басталды.
Жыл сайын Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ағымдағы бағдарламасының шеңберінде Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізіледі, оған конкурстар, семинарлар, дебаттық турнирлер, экологиялық тақырыптарға арналған мекерелік бағдарламалар енгізілген.
Ағымдағы (2008 жылы) мынадай іс-шаралар өткізілді:

  1.  “Экологиялық тақырыпқа арналған таңдаулы мақала мен бейнесюжет”. Конкурстың ережесі мен қатысушылардың өтінімдері әзірленді, әділ қазылардың қарауына 5 бейнесюжет пен 7 мақала ұсынылды. Қазылар алқасының шешімімен мына номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
  2. “Өз өлкеңді сүй және біл” конкурсы:
    Конкурстық бағдарлама бойынша ереже әзірленді, тарату және ақпарат материалдары дайындалды, конкурсқа қатысушылар Достық үйінде экологиялық жобаларын қорғады. Номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтау. Дипломдар мен көтермелеу жүлделерін, сондай-ақ – бас жүлде – жазғы лагерьге тегін жолдама тапсырылды.
  3.  “Жасыл болашақ” – “Зеленое будущее” акциясы;
  4. студенттердің экологиялық “Брейн-рингі”:
    брейн-рингте облыстың оқу орындарынан сегіз команда қатысты – олар Серікбаев атындағы ШҚМТУ, Аманжолов атындағы ШҚМУ, № 1 кәсіптік – техникалық лицейі, “Ступени” кәсіптік – техникалық колледжі, № 2 кәсіптік – техникалық лицейі, ШҚ политехникалық колледжі, Қазақстан-Америкалық еркін универститет жанындағы колледж, Серікбаев атындағы ШҚМУ колледжі. Брейн-рингтің өткізілетін орны – “Эко-ринг” Аманжолов атындағы ШҚМУ-дің мәжіліс залы. Барлық қатысушылар аталған экологиялық бағдарламаға қатысқандары туралы сертификаттар алды, жеңімпаздар дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.
  5. жастардың шеруімен экологиялық фестиваль өткізілді:
    шеру Өскемен қаласының орталық алаңында өткізілді. Қатысқандардың саны – 1000 адам. Шеру концерттік бағдарламаға ұласты;
  6. “Экоинформ” көрмесі ұйымдастырылды;
  7. “Алтай Альпілері” демалыс отралығында жас экологтардың слеті өткізілді;
  8. балалар мен жастарға арналған ойындар мен эстафеталар ұйымдастырылды;
  9. Өскемен қаласының орталық алаңында мерекелік бағдарлама өткізілді.

Аталған іс-шараларды өткізу және өткізуге дайындалу сатысында бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат және жарнама кеңінен қолданылды. Жергілікті телеарналарда Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған роликтер мен бейнесюжеттер таратылды. Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеу барысында мектеп жасындағы және студент жастар мен балалардың ішінен 3000 адам қамтылды.

 

Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 8:00 – 12:00,
14:00 – 17:00

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

полностьюдалее..